Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлының кішкентай кезіндегі қызықты оқиғасын еске алды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ұлының тиын жұтып қойған кезі туралы айтып берді. Тележүргізуші баласы көгеріп кеткен кезде қатты уайымдағаннан не істерін білмей қалған. Айтуынша, ол ұлы қақалып жатқанын естігенде аяғы жүрмей, екінші қабаттан түсе алмай қалған екен.
“Сағадат кішкентай кезінде тынымсыз еді. Үйде кішігірім қорап тұратын. Ішіне тауып алған тиындарды, қалған жинаймыз. Саға күнде шашып, оны қайта жинап ойнайтын. Әдеттегідей бір күні үстелдің астына кіріп, сол тиындармен ойнап отырған. Бір кезде сап-сары балам қақалып, көгеріп кетті. 5 теңге тамағына тұрып қалған. Айнагүл тәте не істерін білмейді. Мен арғы бөлмеде жүргенмін. Естігенде аяғым жүрмей, екінші этаждан түсе алмай қалдым. Гәккә (көмектесіп жүрген бөлем) қолын тамағына тығады, анау шықпайды. Айнагүл тәте ары-бері жүгіріп жүр. Әлгі тиын бір кезде ішіне түсті де, бала ойнап кете берді. Ал біз паникамен оны ауруханаға апарып, рентгенге түсірдік”, – деп жазды Сұлтанқызы.