Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер”: Төреғали Төреәлі жарнамасына сенген халық үйсіз қалды

“Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер”: Төреғали Төреәлі жарнамасына сенген халық үйсіз қалды

09.02.2024
Жаңалықтар
163
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінен үй алмақшы болған бір топ тұрғын алданып қалды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарап, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, әнші Төреғали Төреәлі құрылыс компаниясын жарнамалаған.

“Қаншама құрылыс компаниясынан аттап, есімі белгілі азаматтарға сеніп ақша салып едім. Бір бөлмелі пәтерімді сатып, 10 миллионға жуық ақша құйдым. Екі бөлмелі үй алғым келді. Соңы мынадай жағдайға әкеліп соқты. Үй салынып бітпей тұрса, күте тұрушы едік, тіпті іргетасы да қаланбағанын білдік. 2023 жылдың соңында беріледі деп еді”, – дейді зардап шегуші тұрғын.

Жарнама жасаушылардың бірі – Төреғали Төреәлі. Жеке парақшасында аталған құрылыс компаниясының кеңсесіне барып, пәтер алмақшы болған сәтін оқырмандарына көрсеткен. Бірақ Төреғалидің менеджері “біз де алданып қалдық” деп қысқа қайырды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Біз ол жерден барып үй алмақшы болғанбыз. Бірақ оларға жарнама істеп, үй аламыз десеңіздер міне деген ештеңе жоқ. Егер біз жарнамалады деген келісімшарт болса, соны көрсетсін. Біз үйді алмақшы болып сол жерге бардық, соны видеоға түсірдік. Біз де зардап шегушіміз”, – дейді Төреғали Төреәлінің менеджері.

Ал Maх Bet компаниясының директоры Берік Нұрмағанбетовтың адвокаты Төреғали Төреәлінің жарнамасының құны 2 бөлмелі пәтермен пара-пар екенін айтты.

“Төреғали Төрәліге DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешеніне жарнама жасағаны үшін 2 бөлмелі пәтер келісілген дейді. Яғни, жауабында солай көрсетілген. Ал Дәулет Мұқаев 20 миллион ақшаға келіскен”, – дейді адвокат Шынқуат Байжанов.

Заңгер Мейірман Шекеевтің сөзінше, егер танымал тұлғалар ақы алса, олардың бұл әрекеті жарнама болып есептелінеді.

“Егер Дәулет пен Төреғали ақы алған болса, бұл жарнама болып есептеледі. Сондықтан оларды жауапкершілікке тарту керек. Олардың үстінен арыз жаза беріңіздер. Өйткені сіздер оларға сендіңіздер. Депутат болсын, басқа болсын қылмыстық жауапкершілікке бәрі бірдей жауапты”, – дейді заңгер.

Тег: жарнамақылмысТөреғали Төреәлітұрғын үйшоу бизнес

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Еден жуушы болып жұмысқа кіру үшін 500 мың теңге беруің керек – депутат

Еден жуушы болып жұмысқа кіру үшін 500 мың теңге беруің керек – депутат

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz