Соңғы айда жер сілкінісі Алматылықтардың қорқынышты түсіне айналды. Бұл табиғат құбылысы Алматыға қалыпты жағдай болғандықтан, оған әрдайым дайын болу керек. Әрбір қала тұрғының қол астында «Дабыл чемоданы» болғаны жөн . «Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек деген сұрақтарға осы мақалада жауап беретін боламыз.
Дабыл чемоданы- төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы. Оны үй жағдайында сөмке, рюкзак, чемоданға жинауға болады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында дабыл чемоданында болу қажет заттар тізімі берілген. Олар:
– ақша, құжаттар;
– алғашқы медициналық көмек жинағы;
– үш күндік тамақ;
– ауыз су және бірнеше күндік тағам;
– консервілерден, жоғары калориялы тағамдардан;
– гигиеналық құралдар;
– жылы киімдер;
– керек-жарақтар (радио, қол шам, сіріңке ,ысқырық)
Жер сілкінісі адам болжай алматын құбылыс. Бұндай жағдайда дүрбелеңге салынбай , сабырлық сақтап , қол астыңызда жинаулы тұрған дабыл чемоданы болған жөн .