Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма?

фото: shutterstock

Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма?

04.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
54
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде ЖК (жеке кәсіпкер) немесе Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ашқан кезде 96090 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін таңдауға болады. Оған эскорт қызметін пайдалану сынды әлеуметтік қызметтердің санаттары кіреді. Осы орайда Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма деген сұрақ туындайды. Қазір ақиқаттың көзін ашатын боламыз.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауы бойынша, эскорт қызметі Еуразиялық экономикалық одақтың шешімімен қабылданған халықаралық стандарт.

“Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №4 қосымшаның 12-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2015 жылы 22 желтоқсанда №29 ұсынымды қабылдады. Оған сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикалық қызмет түрлерінің статистикалық жіктеліміне қатысты “Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы экономикалық қызмет түрлерінің статистикалық жіктелімі” халықаралық стандартын қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Экономикалық қызмет түрлерін жіктеу үшін 2020 жылы 1 қаңтардан бастап Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің жаңа нұсқасы қолданылады. Ол Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2019 жылы 22 ақпандағы №68 бұйрығымен бекітілген”, – делінген хабарламада.

Бюроның мәліметіне сәйкес, Ұлттық экономиканың ерекшеліктерін көрсету үшін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне бесінші (96090) таңба енгізілген.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Шаруашылық жүргізуші бірліктерді осы немесе басқа қызмет түріне дұрыс жатқызу мақсатында оларға  Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші топтамаларының мазмұнын ашатын түсіндірмелер әзірленген. NACE Rev.2 жіктеліміне сәйкес “Other personal service activities n.e.c.”  96.09 класы, мыналарды қамтиды:  “- social activities such as escort services, dating service, services of marriage bureau”, бұл “эскорт қызметтері, танысу және неке агенттіктері сияқты әлеуметтік қызметтерді ұсыну” дегенді білдіреді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросы эскорт-қызметтер көрсетудің заңдылығына қатысты сұрақтар өздерінің құзыретіне кірмейтінін хабарлады.

Ведомствоның сөзінше, эскорт-қызметтерді ұсыну экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіштерінің біріне кіреді.

“Экономикалық қызметті реттеу мәселелері Ішкі істер министрінің құзыретіне кірмейді. Өз кезегінде, жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты жеңгетайлық қылмыстық кодекстің 309-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін мәлімдейміз”, – делінген хабарламада.

Тег: заңбұзушылықэскорт

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Елімізде суррогат ана қызметі қанша тұрады?

Елімізде суррогат ана қызметі қанша тұрады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz