Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Оразаға дейін 7 күн: Тарауық намазы қашан және қалай оқылады?

фото: iStock

Оразаға дейін 7 күн: Тарауық намазы қашан және қалай оқылады?

04.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
111
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түсіндіруінше, Рамазан айынан бір күн бұрын, кешкі құптан намазынан соң тарауық намазы оқыла бастайды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

“Тарауық намазы 20 ракағаттан тұрады. Әр екі ракағаттан кейін сәлем береді. Төрт ракағат етіп оқыса да болады. Жалғыз оқыса да дұрыс, бірақ жамағатпен оқығанның сауабы зор. Тарауық намазымен бірге үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды”, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Діни басқарманың Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлдың айтуынша, Тарауық намазының әр ракағатында “Фатиха” сүресінен соң бір қысқа сүре оқылады. Әдетте Құран Кәрімнің ең соңғы 10 сүресі оқылады. Алайда, Рамазан айы ішінде Құранды басынан бастап, аяғына дейін толық бір рет оқып шығу – сүннет.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Тарауық намазын құптан намазынан кейін оқу – сүннет. Сондықтан құптан намазына үлгермеген адам алдымен құптан намазының парызы мен сүннетін оқып, одан соң тарауық намазына қосылады. Тарауық намазының қалған ракағаттарын және үтір намазын кейін өзі жалғыз оқып бітіреді. Тарауық намазының қазасы оқылмайды”, – деді Хасан Аманқұл.

Еске сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен 2024 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл ораза 11 наурызда бастау алады. Діни басқарма әзірге ораза кестесін жариялаған жоқ.

 

Тег: ОразаТарауық намазы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда қуатты жер сілкінісі!

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz