Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Шетелден тасымалданған ескі көліктердің жылын жаңалап тіркегендер тергеліп жатыр

фото: ашық дереккөз

Шетелден тасымалданған ескі көліктердің жылын жаңалап тіркегендер тергеліп жатыр

13.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
118
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сотқа дейінгі 23 тергеу басталған. Алдын-ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шығарылған жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады. Көліктердің көпшілігі әлі де дизельмен жұмыс істейді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келеді. Егер автокөліктің шығарылу мерзімі 5 жылдан асса, онда 2 500 АЕК төлеу керек, ал егер 2 жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады.

«Кейбір жосықсыз азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген» — делінген хабарламада.

Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайда тіркеу (2016 жыл бұрын) Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Халықаралық автомобиль тасымалдаушысының куәлігі берілген фактілер болған. Осы орайда бастапқы есепке қою алымды төлемей жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген көлік құралдарына құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырылды.

ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді Арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз деректерді «қолдан» енгізу арқылы жасалғанын көрсетті. Автокөлік құралдарын бүкіл ел аумағында одан әрі заңсыз алаяқтық схемалар арқылы тіркеуді болдырмау мақсатында Агенттік ақпараттық жүйелерді айналып өтіп, деректерді «қолдан» енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация қызметінің Қағидаларына заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тег: айыппұлескі автокөліктергеутіркеу

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданса не істеу керек?

Жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданса не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz