Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Азық-түлік бағасының қымбаттау себебі неде?

фото: ашық дереккөз

Азық-түлік бағасының қымбаттау себебі неде?

20.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда ауыл шаруашылығы нашар дамығанын, сол себепті еліміз кейбір аспектілерде импортқа тәуелді екенін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер Жұманғаринге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда азық-түлік бағасының не себепті қымбат екенін сұрады. Дәлірек айтқанда, ұнның құны 14% қымбаттаса, Ресейде 1,4% ғана өскен.

“Мұның бәрі елдегі ауыл шаруашылығының жай-күйіне, оның дамуына байланысты. Біздің үлкен мемлекет екенімізді және ауыл шаруашылығының нашар дамығанын түсінулеріңіз керек. Бізде өнім аз өндіріледі. Импортқа тәуелділік – бұл біздің нарық біреу үшін премиум екенін білдіреді. Өйткені бізге бұл тауарлар қажет. Плюс логистика. 2020, 2021, 2022 жылдардағы логистикалық дәліздер осал болды”, – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы 1,9 пайыз болса, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары небәрі 0,6 пайыз болған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Өткен жылдың екінші жартысы мен биылғы жылдың басы біздің көшбасшылыққа жақын екенімізді көрсетті. Біз қазір орташа деңгейде тұрмыз”, – деді Жұманғарин.

Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында инфляциясы Қазақстандағыдан жоғары елдер бар екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі жұмыртқа бағасы өспейді деп уәде бергені туралы жазған едік.

Тег: азық-түлікбаға

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz