Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде баспана қаншалықты қымбат: сарапшылар түрлі елдердегі пәтерлер бағасын салыстырды

фото: realty.rbc.ru

Елімізде баспана қаншалықты қымбат: сарапшылар түрлі елдердегі пәтерлер бағасын салыстырды

30.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Еліміздің қала орталығындағы баспананың бір шаршы метрі орта есеппен 1,5 мың доллар тұрады. Сарапшылар Қазақстандағы пәтерлердің бағасын өзге елдермен салыстырды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Соңғы бір жылда Қазақстанның бастапқы тұрғын үй нарығында шаршы метрдің құны шамамен 1,3 пайызға өссе, қайталама нарықта, керісінше, 2,3 пайызға төмендеді. Жалпы алғанда, көптеген азаматтар үшін қазіргі бағамен пәтер сатып алу тым қиын екенін атап өтуге болады.

Бірақ әлемдік стандарттар бойынша Қазақстанда баға тым жоғары деп айтуға болмайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Finprom порталы атап өткендей, 19 сәуірдегі жағдай бойынша қала орталығындағы пәтерлердің бір шаршы метрі орта есеппен 1,5 мың доллар, ал орталықтан тыс жерде бір шаршы метрі 1 мың доллар тұрады.

19 сәуірдегі бағам бойынша шаршы метрдің орташа құны орталықта 657 320 теңгені, ал шет жақтарда 454 290 теңгені құрады.

Бірінші жағдайда Қазақстан пәтерлердің қымбаттығы бойынша рейтингке енген 96 елдің ішінде 75-орында, ал екіншісінде 72-орында тұр. Әлемдегі ең қымбат пәтерлер Гонконгта – орталықта шамамен 29,01 мың долларға, ал орталықтан тыс жерде шамамен 18,6 мың долларға сатылады.

Айта кеткен жөн, Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) ең жоғары бағаға ие болған жоқ. Осылайша, Арменияда орталықтағы баспана шамамен 3,1 мың доллар, ал шетінде 1,5 мың доллар тұрады.

Ресейде орталықта орташа баға бір шаршы метр үшін 2,2 мың доллар, ал орталықтан тыс жерде 1,4 мың доллар. Беларусьте шаршы метр бірінші жағдайда 1,6 мың доллар, ал екіншісінде 1,1 мың доллар тұрады.

Пәтерлер Қазақстанға қарағанда Өзбекстан мен Украинада арзанырақ: қала орталықтарында 1,2 мың доллар және 1,4 мың доллар, ал шет жақтарда 676,8 доллар және 905 доллар.

Сонымен қатар сарапшылар Алматы мен Астанадағы баспана бағасын әлемнің басқа астаналарымен салыстырды. Атап айтқанда, Алматы қала орталығындағы бір шаршы метрдің орташа құны 2 мың долларды құрайтын 303 қаланың ішінде рейтингте 236-орынға тұрақтады.

Алматының орталығындағы пәтер орташа есеппен ТМД-ға мүше елдердің көптеген астаналарымен салыстырғанда қымбатқа түседі: Минск (248-орын), Баку (254-орын), Кишинев (271-орын), Ташкент (275-орын) және Бішкек (292-орын).

Сондай-ақ Қазақстанның ең ірі мегаполисі баға бойынша Астананы басып озды (287-орын), мұнда орталықтағы пәтердің орташа бағасы шаршы метріне 1,2 мың долларды құрайды.

Қалалардың шет жағында орналасқан пәтерлер айтарлықтай арзанырақ. Алматыда (217-орын) бір шаршы метрдің орташа бағасы 1,4 мың долларды, ал Астанада (274-орын) 821 долларды құрайды. Т

Жалпы алғанда, бір шаршы метрдің бағасы ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жалақысының мөлшері де маңызды екенін есте ұстаған жөн.

Тег: бағапәтертұрғын үй

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
ЭЦҚ форматы өзгерді: оны қайта жаңарту керек пе?

ЭЦҚ форматы өзгерді: оны қайта жаңарту керек пе?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz