Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде ер азаматтар көбінесе қай салада жұмыс істейді?

фото: pixabay.com

Елімізде ер азаматтар көбінесе қай салада жұмыс істейді?

10.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық статистика бюросы қазақстандық ер азаматтар көбіне қай салада еңбек ететіні туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған ерлер саны – 4 711,7 мың адам. Оның ішінде қалалық жерде еңбекпен қамтылғандар – 2 831,4 мың, ауылдық жерде – 1 880,3 мың адам жұмыс істейді.

Ерлердің көбі өнеркәсіп секторында жұмыс істейді, бұл секторда 777,5 мың ер адам еңбек етеді. Одан кейінгі орында – 653,2 мың адам жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда саласы.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Үшінші орында ауыл шаруашылығы саласы, 637,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтыған.

Төртінші кезекте құрылыс саласы, еліміздің 520 мың ер азаматы осы салада нәпақа тауып жүр, ал көлік пен қойма бағытындағы жұмыстарда 513,1 мың ер адам еңбек етеді.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс істері 335,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Басқа салалардағы ерлер саны:

  • білім беру – 310,9 мың адам;
  • денсаулық сақтау – 160,8 мың адам;
  • әкімшілік және қосалқы қызметтер – 159 мың адам;
  • кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 126,4 мың адам;
  • ақпарат және байланыс – 109,2 мың адам;
  • қаржы және сақтандыру – 84 мың адам;
  • тамақтану секторы– 72,3 мың адам;
  • жылжымайтын мүлік – 68,7 мың адам;
  • өнер және ойын-сауық – 59,4 мың адам;
  • басқа да қызметтерді көрсету – 124,3 мың адам;

Сондай-ақ жұмыспен қамтылған ерлердің негізгі бөлігін (1,2 млн) 35-44 жас аралығындағылар, ал 51,7 мың ер адамның қосымша жұмысы бар.

Тег: ақшаер адамжұмыс

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстандықтар демалыс күндері жұмыс жасауға міндетті ме?

Қазақстандықтар демалыс күндері жұмыс жасауға міндетті ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz