Туризм және спорт министрлігі Қазақстан туристері арасында танымал туристік бағыттарды атады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың қорытындысында қазақстандық туристер арасында келесі бағыттар танымал болды: Вьетнам, Таиланд, Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері. Сондай-ақ, қордың мәліметінше, қазақстандықтар туризмнің жағажай түрін артық көреді. Биыл да жоғарыда аталған елдер туристер арасында танымал бағыт болып қала береді. Сонымен қатар Қатар, Малайзия, Корея, Хайнань аралы жаңа бағыттары танымал бола бастады», – деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Еске сала кетейік, бұған дейін Туризм және спорт министрлігі Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» халықаралық курортын дамыту жобасының тоқтатылу себебін атаған еді.