Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде салықтар мен міндетті төлемдердің саны қысқарады ма?

фото: pixabay.com

Елімізде салықтар мен міндетті төлемдердің саны қысқарады ма?

25.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Салық туралы жаңа кодекске сәйкес саланы бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Толығырақ ақпаратты Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтып берді.

«Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің саны кемінде 20%-ға қысқарады. Мемлекет басшысы атап өткендей, маңызды фискалдық қайтарымы жоқ төлемдер алынып тасталады, ал кейбірі біріктіріледі. Бізде қазір барлығы 12 салық бар, олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Шаруа және фермер қожалықтарынан алынатын бірыңғай жер салығы ғана табыс салығының мәнін қайталайды. Сонымен қатар бірыңғай жер салығын (БЖН) жеке табыс салығына көшіру ұсынылып отыр. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдікті режим сақталады», – деді Азамат Әмрин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, вице-министр міндетті төлемдердің қысқаратыны туралы айтты.

«Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орманды пайдаланғаны және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін 3 төлемді біріктіру ұсынылады. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін бір ғана төлем болады. Жалпы, төлем мөлшерлемелері 77-ге, ал алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша ставкалардың 34 түрі алынып тасталады», – дейді ол.

Бұдан бөлек, А.Әмрин мемлекеттік баждың 5 түрі алынып тасталып, олар бойынша мөлшерлемелер 51-ге қысқаратынын мәлім етті. Бұл салық пен төлемдердің санын 20%-ға қысқарту жөніндегі міндетті орындауға мүмкіндік бермек.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025
Тег: кәсіпкерсалықтөлем

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен осыған ұқсас қылмыстар үшін жаза қалай өзгерді?

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен осыған ұқсас қылмыстар үшін жаза қалай өзгерді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz