2024 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі 0,4% болды (өткен айдағыдай). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі — 100%, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Маусымда бағаның өсуі ас үй плитасына — 8,4%, ауа баптағышқа — 4,6%, кір жуатын машинаға 4% байқалды.
Жиһаз және үйге қажет заттар — 1,7%, киім және аяқ киім — 0,9%, тоқыма бұйымдары, жеке пайдалануға арналған тауарлар 0,5%-дан қымбаттады.
Кешенді демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет бағасы 13%, санаторийлер — 5,6%, балалар аттракциондары — 4,4% өсті.
Шаштараз бен сұлулық салондары — 1,9%, қоғамдық тамақтану 1% қымбаттады.
Азық-түлік өнімдерінен қияр бағасы — 18,7%, қырыққабат — 18%, тәтті бұрыш — 17,9%, сарымсақ — 14,9%, қызанақ — 13,3%, лимон — 7,4% арзандады.
Картоп бағасы — 10,7%, жүзім — 3,6%, алма — 2,1%, сәбіз — 1,9% қымбаттады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақмола облысында — 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п. т. жоғары), ең төмені — Ақтөбе және Алматы облыстарында 0,1% тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік бағасы Маңғыстау облысында 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — Түркістан облысында 2%, ақылы қызметтер — Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тиісінше 2,5% және 2,6% өсті.
2024 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі — 8,4% болды.
Ақылы қызметтер — 13,8%, азық-түлік емес тауарлар — 7,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% өсті.
2023 жылғы маусыммен салыстырғанда тарифтер су бұруға — 43,5%, суық суға — 36,7%, орталықтандырылған жылытуға — 33%, электр энергиясына — 31,7%, қоқыс шығаруға — 30,7%, ыстық суға — 30,4% өсті.
Ацетилсалицил қышқылының бағасы — 60,8%, белсендірілген көмірге — 33,1%, хилак фортеге — 24,7%, парацетамолға — 23% өсті.
Жүзім — 29%, қызылша — 24,9%, зәйтүн майы — 21,3%, қызанақ — 19,8%, банан — 18,5% қымбаттады.
Керісінше жылдық мәнде пияз — 40,4%, қарақұмық жармасы — 23,1%, күнбағыс майы — 22,3%, қырыққабат — 22,1%, құмшекер 5,6% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі.
Бақылау қызметтер мен тауарлардың тарифі мен бағасы — барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.
Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
Айта кетсек, 2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі — 42%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 29,8%, ақылы қызметтер — 28,2% болды.