Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Медициналық қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса, не істеуге болады?

фото: pixabay.com

Медициналық қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса, не істеуге болады?

12.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
17
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандықтар ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салым жасайды. Бұл оларға ауырып не жарақат алған жағдайда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Бірақ “жергілікті ауруханаға барсаң, қызмет сапасы төмен, науқасқа аса назар аудармайды, бір сөзбен айтқанда жұмыстарына жеңіл қарайды” дейтіндер көп. Сондықтан да қалталы азаматтар ақылы емхананың көмегіне жүгінеді, дегенмен орташа деңгейлі табыс табатын отбасыларда мұндай мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан сапалы медициналық қызмет алу үшін не істеу керектігін қазір сіздерге айтып береміз.

Егер азамат көрсетілген медициналық қызметтің сапасына қанағаттанбаса, ұйым медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе азамат медицина қызметкері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақша бопсалау деректеріне немесе басқа да мәселелерге тап болса, ол өз құқығын қорғауға тиіс.

Медициналық қызметтің сапасына көңіл толмаса, не істеуге болады?

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Маманның сөзінше, оның бірнеше жолы бар:

  • Өзіңіздің емхана не ауруханаңыздың қабылдау бөлімінен науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі жөнінде ақпарат алып, хабарлассаңыз болады;
  • Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына жүгінуге болады. Әр медициналық ұйым денсаулық сақтау басқармаларына бағынатындықтан, сіз сол басқармаға шағыммен жүгінуге құқылысыз;
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайтында өтініш қалдыру. Ол үшін “Сұранысты жіберу” пәрменін таңдаңыз, содан кейін “Сұрақ қою / шағымдану” терезесі ашылады, ондағы барлық жолды толтыру қажет;
  • Денсаулық сақтау министрлігіне eotinish.kz арқылы шағымдануыңызға болады.

Альбина Бахтиярқызының сөзінше, емхана қате диагноз қойып, ол өлім секілді белгілі бір ауыр салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар шынымен де тәжірибеде кездесіп жатады. Бірақ маман мұндай істі дәлелдеу қиынға соғатынын жасырмады.

“Негізі медицина саласында жасалатын қылмысты дәлелдеу өте қиын. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, кейде азаматтың өзі көмекке өте кеш жүгініп жатады. Екіншіден, азамат өзіне қандай медициналық көмек көрсетілгенін білмейді немесе медициналық құжаттарының толық болмауына байланысты істі жеңе алмайды. Үшіншіден, дәрігерлік қателік, дәрігердің қателігін дәлелдеу өте қиын, бізде тәжірибеде мұндай жағдай көп кездеседі. Сондықтан науқас медициналық көмек алатын кезде міндетті түрде өзіне не керегін білуі қажет. Мысалы, кейбір адамдардың ем-шараның түріне қарсы көрсетілімі болуы мүмкін, көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, қандай дәрі-дәрмек қолданылды, осының бәріне жіті наззар аударуы керек. Бізде адамдар мұны білмейді”, – дейді ол.

Тег: қызметМедицина

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Еліміздің қай қалаларында ең арзан бағамен құрылыс материалдары сатылады?

Еліміздің қай қалаларында ең арзан бағамен құрылыс материалдары сатылады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz