Астанада фискалдық органдардың қызметкері болып көрінген және кәсіпкерлерді “қорғағаны” үшін пара беруге мәжбүрлеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасай отырып.
АФМ-нің жеке қауіпсіздік департаменті елордалық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлығы үшін заңсыз сыйақы төлеуге мәжбүрлеген азаматты ұстады.
Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам кәсіпкерден моральдық қысым көрсете отырып, “қамқоршылық” үшін 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен, бұл мессенджердегі чат және аудиожазбалармен расталған.
“Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алған кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу жүргізілуде. ҚР ҚІЖК – нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді”, – делінген хабарламада.