Ішкі істер министрлігі оқу 2023-2024 оқу жылында 1700-ден астам жат әрекет көшбасшыларын есепке алған. Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев кезекті онлайн баспасөз мәслихатында осындай дерек келтірді.
«Оқу жылының басынан бастап жат әрекеттер жасауға бейім, жасөспірімдер арасындағы 1700-ден астам бейресми көшбасшы анықталды. Оның барлығы ішкі істер органдарының бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған бопсалаудың 17 фактісі тоқтатылды», — деді ресми өкіл.
Ш.Әлекешев Ішкі істер министрлігі балалардың құқықтық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтады.
«Оқу процесі кезінде мектептерде оқушылармен және олардың ата-анасымен тұрақты түрде дәрістер өткізіледі», — деді ол.