Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сізді тоқтатқан жол сақшысы қандай құжаттарды көрсетуге міндетті?

фото: NEWS.ru

Сізді тоқтатқан жол сақшысы қандай құжаттарды көрсетуге міндетті?

26.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында көлік тоқтатуға негіз болатын полиция құжаттары туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Жол жүрісі туралы» Заңның 52-бабында көлік құралын тоқтатудың негіздері мен тәртібі, сондай-ақ полицияның іс-қимыл реттілігі белгіленген.

Мәселен, жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу көлік құралын тоқтату үшін негіз болып табылады. Одан кейін полиция қызметкері жақындап, өзін таныстырып, қажет болса жүргізушіге қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін түсіндіруге міндетті.

Егер жүргізушінің заң талаптарын немесе жол ережелерін бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдарға тіркелсе, жүргізушіге танысу үшін материалдарды көрсетеді.

Полиция қызметкері аталған әрекеттерді орындағаннан кейін жүргізуші қызметкердің заңды талаптарын орындауға міндетті.

Осылайша, полиция қызметкерінің міндеттерінде жүргізушіге жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу туралы құжатты ұсыну туралы талап жоқ», – деді комитет басшысы.

Қайсар Сұлтанбаев кейбір блогерлердің жол сақшылары жүргізетін жедел іс-шаралар кестесін көпшілікке жариялауы қылмыскерлерге қолайлы екенін айтады.

«Мұндай әрекет әсіресе ұрлық, есірткі, браконьерлік сияқты қылмыстарды тоқтатуға кедергі келтіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, біз кестені көпшілікке жариялау арқылы қылмыскерлерге жоспарымызды алдын ала хабарлаймыз деген сөз.

Профилактика мақсатымен өткізілетін іс-шараларды біз ақпарат құралдарында алдын ала жариялаймыз. Мысалы, «Абайлаңыз-балалар!», «Автобус», «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн», «Мен сенің учаскелік инспекторыңмын» және басқалар», – деді ІІМ өкілі.

Тег: жол сақшысызаңкөлікқұжатполиция

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Жыл басынан бері мас жүргізушінің салдарынан қанша адам мерт болды?

Жыл басынан бері мас жүргізушінің салдарынан қанша адам мерт болды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz