Алматы облысында құны 7 млрд теңге болатын жер жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Қадағалау органы заңсыз алынған жер учаскесін анықтады. Прокуратураның мәліметінше, 2014 жылы Алматы шекарасы кеңейгеннен кейін “халықаралық клубтар қауымдастығы” ЖШС Алматы облысының Қарасай ауданында қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 30,9 гектар жер телімін алды.
“Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп қосты қадағалау органы