Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны жеткілікті ме?

фото: pixabay.com

Елімізде қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны жеткілікті ме?

14.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше жыл басынан бері қамқоршылық органдары қызметкерлерінің штат саны 47%-ға артты. Бұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайларын жүйелі тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Комитет төрағасының сөзінше, қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын арттыру балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

«Қызметкерлердің кәсібилігі мен өз жұмысына жауапкершілікпен қарауының арқасында біз әр баланың құқығының қорғалуына және өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаймыз. Бұл балалардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, олардың құқықтарын қорғаудың бүкіл жүйесін нығайта отырып, болашағын жарқын етеді», – дейді Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, жыл басынан бері патронаттық тәрбиедегі 17 660 жетім баланың өмір сүру жағдайы тексерілді. Тұрмыстық жағдайына, балалардың денсаулығына, физикалық және эмоционалдық дамуына, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынастарға ерекше назар аударылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Тексеру қорытындысы бойынша қамқоршылар мен қорғаншылардың қызметін одан әрі бақылау бойынша ұсынымдар берілді. Бұл шаралар қорғаншылық пен қамқоршылық жүйесін әрі қарай жетілдіруге, қорғау мен қолдауға мұқтаж балалардың балалық шағы мен болашағын лайықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Тег: қамқоршылық органдарықызметкер

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Құрылысы бітпеген үйдің құжаттарын қалай тексеру керек?

Құрылысы бітпеген үйдің құжаттарын қалай тексеру керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz