Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда АЭС-те жұмыс істей алатын білікті мамандар дайындала ма?

фото: pixabay.com

Қазақстанда АЭС-те жұмыс істей алатын білікті мамандар дайындала ма?

19.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда атом электр станциясына қатысты қоғамдық талқылау өтті. Жиынға қоғамдық кеңестің мүшелері, қала тұрғындары мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев қазақстандық мамандардың бейбіт ядролық реактормен жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін айтты.

– Ядролық физика институты 1957 жылы ашылды, ал 1967 жылдан бері онда су ядролық реакторы жұмыс істейді. Яғни Алматының түбінде 57 жыл бойы зерттеуге арналған ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Сондықтан бізде бейбіт ядролық реактормен жұмыс істей алатын мамандар бар деп айта аламыз. Егер Қазақстан халқы АЭС салу мәселесін қолдайтын болса, онда екі блок үшін 2 мың жұмысшы қажет. Оның 200-і күзет пен санитарлық қызметкерлер. Қалған 1800 қызметкердің жоғары білімді 400-і ядролық физика институтында дайындалады, – деді Саябек Сахиев.

Ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Әбішев 10 жылға дейін созылатын АЭС құрылысы кезінде білікті мамандар дайындалып үлгеретінін атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

– Біздің университетте АЭС бойынша мамандар дайындалып жатыр. Жақында “Ядролық инженерия” деген мамандық ашылды. Бұл мамандық бойынша студенттер 4 жыл оқиды. Оның 2 жылында Ядролық физика институтында тәжірибе жинайды. Магистратура мен докторантурада да осы институт базасында біліктілігін арттырады. Ядролық физика бойынша Қазақстанда кеңестік кезеңнен бері келе жатқан мамандар бар. 2000 жылы Атыраудағы реактор жабылғаннан кейін елімізде энергетикалық реакторлар жұмыс істемейді. Сондықтан ядролық энергетикаға байланысты мамандар дайындау қажеттілігі болмаған. Ал АЭС салу туралы шешім қабылданса, құрылыстың өзі 8-10 жыл уақыт алады. Сондықтан осы уақытта АЭС мамандарын дайындап үлгереміз, – деді Медеу Әбішев.

Тег: АЭСмаман

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
COVID-19: қазақстандықтар қайтадан маска таға ма?

COVID-19: қазақстандықтар қайтадан маска таға ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz