Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты өзгерді?

фото: pixabay.com

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты өзгерді?

29.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті дәрі-дәрмектерді заңсыз сататын дәріханалар анықталғанын хабарлады.

«2023 жылмен салыстырғанда, қазіргі кезде дәрілік заттарға бағаның өсуі байқалды (13%), бірақ уәкілетті орган бекіткен шекті бағадан аспады. Кейбір дәрілік заттарға бағаның маусымдық өсуі анықталған. Дәрілік заттар бағасының өсуі шикізат, тасымалдау құнының өсуіне және инфляцияға тікелей тәуелді. Дегенмен кейбір дәрілік заттарға бағаның төмендегенін айта кету керек», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекске сәйкес уәкілетті орган бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауының шекті бағасын жылына 2 рет бекітеді. Енді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 465 бұйрығымен 6890 дәрілік заттың сауда атауларына шекті баға белгіленді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес дәрі-дәрмектерді бекітілген шекті бағадан асырып сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

«Көтерме-бөлшек сауда желісінде 2024 жылдың басынан бері дәрі-дәрмекті шекті бағадан асыра сату бойынша 12 факті анықталды, 2,1 млн теңге сомасында айыппұл салынды. Сонымен қатар шекті бағадан асыра сату фактісі анықталған жағдайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне дәлелді құжаттармен (дәрі-дәрмек және сату түбіртегімен) немесе DARIKZ мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады», – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Еске сала кетейік, бүған дейін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 87,3 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндіріліп, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 20,1%-ға көп екенін хабарлаған едік.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025
Тег: бағаДәрі-дәрмек

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Алматыда бірқатар сала қызметкерінің жалақысы өседі: Нақты кімдерге қатысты?

Алматыда бірқатар сала қызметкерінің жалақысы өседі: Нақты кімдерге қатысты?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz