2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды. Жылдық мәнде баға 9,4% өсті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану орта есеппен 12,4% өскен.
Айта кетсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе және 2303 мейрамхана тіркелген.