Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақтың ұмытылып кеткен ұлттық ойындары қандай?

фото: pixabay.com

Қазақтың ұмытылып кеткен ұлттық ойындары қандай?

20.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ежелгі заманнан бері қазақ халқы өзіндік наным-сенімдеріне, салт-дәстүріне, мәдениетіне бай. Ұлттық ойындар – бұл мәдениеттің ажырамас бөлігі. Олар тек ойын-сауық құралы ғана емес, сонымен қатар жастарды тәрбиелеудің, күш-жігерді, ептілік пен тапқырлықты дамытудың тәсілі болды. Алайда уақыт өте келе кейбір ұлттық ойындар ұмытыла бастады. Қазір біз олардың бірнешеуін ғана білеміз. Наурыз мейрамы қарсаңында біз ұмытылған қазақтың ұлттық ойындарын, олардың қалай ойналатынын және олардың маңыздылығын қарастырдық.

Этнограф Базарбек Төтенайдың ғылыми зерттеулері бойынша қазақ халқында 100-ден астам ұлттық ойындар бар. Олардың кейбіреулері балаларға, басқалары жас қыздар мен ұлдарға, ал кейбіреулері ақыл-ойын тоқтатқан ересектерге арналған. Сонымен қатар, түркітілдес тайпалар, оның ішінде қазақтар ұлттық ойындарды әр уақытта халықтың өміріне бейімдеп, салт-дәстүрімен, мәдениетімен байланыстырған. Әсіресе ойын үшін ағаштар, жануарлардың сүйектері, арқандар, жылқылар пайдаланылды. Біз этнографтың “Қазақ ұлттық ойындары” кітабына сілтеме жасап, қазір көпшілік біле бермейтін 5 ұлттық ойынды ұсынамыз.

Атбақыл

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Атбақыл ойынына екі ойыншы қатысады. Олардың әрқайсында сиырдың асығы болады. Ойыншылардың бірі ойынды бастап, сақасын барынша алысқа иіріп тастайды. Екінші ойыншы қарсыласының сақасын өз сақасымен атады. Егер қарсыласының сақасына дәл тигізсе, онда қарсыласы оны сол атқан жерден сақасы жатқан жерге дейін арқалап апарады. Сосын сол жерден сақасын қайта иіреді. Ал қарсыласының сақасына тигізе алмаса, қарсыласы өз сақасын алып, сол жерден оның сақасын атады. Сөйтіп, ойын қайталанып, жалғаса береді. Оны қанша уақыт ойнаса да, өз еркінде.

Әуетаяқ

Ойын көгалда немесе алаңда өтеді. Оған 10-12 адам қатысады. Ойынға ұзындығы 80 сантиметрден аспайтын, қалыңдығы 4–5 сантиметр таяқ пайдаланылады. Ойыншылар бірнеше жұпқа бөлінеді. Ойын жүргізушісі екі адамның әрқайсына бір-бір таяқтан береді. Олардың біреуі таяғын аспанға лақтырған кезде, екіншісі ұшқан таяққа өз таяғымен ұрып тигізуі керек. Таяқты кімнің лақтыратынын, кімнің оны көздеп ұратынын жеребе арқылы анықтауға болады. Ойыншылар екі топқа бөлінсе, ұшқан таяққа көбірек тигізген топ жеңген болып есептеледі. Сосын келесі кезекте лақтыратындар мен оны көздейтіндер алмасады. Бұл ойын ойыншыларды топ болып жұмыс істеуге, белгілі бір нәрсеге назар қоюға баулиды.

Қындық-сандық

Бұл ойынды әр адам өз бетімен немесе ойыншылар екі топқа бөлініп ойнауына болады. Ойын кезінде ортаға екі адам шығады. Олар бір-біріне арқаларын тіреп, қолтықтасады. Ойын жүргізушісі белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп алуға тырысады. Жерден кім бірінші көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі. Ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына келесі ойыншы шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын барысында кім немесе қай топтың ойыншылары көбірек жеңсе, сол жеңімпаз атанады. Әдетте жеңілген топ өнер көрсетуі керек. Бұл ойын жастардың күш-қуатын арттыруға, бұлшықетін шынықтыруға, айла-амал қолдана білуге, өз күшін тиімді пайдалануға үйретеді.

Жамбы ату

Жамбы – бәйгеге тігілген күміс немесе алтын. Оны бір шүберекке орап, қыл арқанмен байлап қояды. Бұл ойын қазақ халқының ұлттық ерекшелігін көрсетеді. Өйткені қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып немесе шауып келе жатып қана атқан. Олар жамбыны емес, байлаулы тұрған жібін атып, жамбыны түсіруі керек. Кім шүберектің жібін атып, шешіп, түсіреді, сол жеңімпаз атанып, әлгі сыйлыққа ие болған. Жарысқа 16 жастан жоғары ерлер мен әйелдер бірдей дәрежеде қатыса алады. Бұл ойын тек қатысушыларға емес, оны тамашалайтындарға да қызық болған.

Қарамырза

Ойын басталмай тұрып, оның тәртібі түсіндіріледі. Кейін ойын жүргізушісі “Ойнаймыз ба?” деп сұрайды. Қалғандары “иә, ойнаймыз” деп жауап береді. Жүргізуші “Ал ендеше, бастаймыз!” деп, өзінің оң жағындағы ойыншыға кезек береді. Ол өзінің оң жағындағы ойыншыға “Ассалаумағалайкум, қарамырза!” дейді. Осы кезде келесі адам байқамай “Уағалайкумассалам!” деуі мүмкін. Ойын тәртібі бойынша, “Уағалайкумассалам, бірінші қарамырза” деп жауап қайтаруы керек еді. Сол үшін де әлгі ойыншы айыпкер саналады. Осылайша ойын жалғаса береді. Әр амандасқан сайын қарамырзалар көбейе береді. Олар өзінің алдындағы қарамырзаның реттік нөмірін шатаспай, айтып отыруы керек. Ойынның соңында дұрыс жауап бергендер “тазалар”, дұрыс жауап бермегендер “қаралар” болып екі топқа бөлінеді. Сөйтіп “тазалар” “қараларға” жаза тағайындайды. Әдетте олар жеңілгендерден өнер көрсетуін сұрайды. Бұл ойын жүйелікке, топтық жұмысқа, көпшілікпен араласуға, көпшіліктің алдында ұялмай қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Бірақ та, әр ойын, қатысушының қабілетін ұштап, жеңімпаз атануға шақырады. Демек, адамды ересек өмірге дайындап, жетістікке жетуге деген құлшынысын арттыратыны анық. Алайда, келе жатқан наурыз мейрамында ұлттық ойындардан бөлек, лотереяға қатысып, өзге қатысушылармен өзара бақ сынасуға зор мүмкіндік бар екенін естеріңізге саламыз.

Тег: атбақыләуетаяқБасты жаңалықтаржамбы атуқарамырзақындық-сандықұлттық ойындар

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстандықтардың қандай ақша аударымдарына салық салынбайды?

Қазақстандықтардың қандай ақша аударымдарына салық салынбайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz