Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Құмар ойынмен күресудің қандай жолдары бар?

фото: pixabay.com

Құмар ойынмен күресудің қандай жолдары бар?

20.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Құмар ойын бизнесі саласында азаматтардың құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Бадри Шаинидзе құмар ойындарға әуес жандардың ұтылған қаржысы артып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Бізге онлайн-казиноның салдарынан зардап шеккен азаматтар жүгінуде. Өткен жылы онлайн-казиноға қатысты 54 шағым түсті, бір апта ішінде 9 миллион теңгеге дейін жоғалтқандар бар. Шағымданған азаматтардың жалпы ұтылған сомасы 400 миллион теңгеге жетті. Олар бізден құқықтық көмек сұрайды, көп жағдайда қолдау көрсете алмаймыз, себебі Қазақстан аумағынан тыс орналасқан компанияларға ешқандай ықпал ете алмаймыз, — деді Бадри Шаинидзе Сенат қабырғасында өткен іс-шарада.

Осы орайда қауымдастық басшысы мәселені шешудің екі жолын атады.

— Біріншіден, онлайн-казино жарнамасын немесе бәс тігу, ойын туралы барлық ақпараттық контентті автоматты түрде бұғаттау. Бірақ, бұл тәсілдің өзіндік кем тұстары бар, яғни жасанды интеллектіні қолданғанның өзінде өте қымбатқа түседі. Келесі жағы, автоматты түрде бұғаттау заңға сай жұмыс істейтін компаниялар мен азаматтардың қызметіне кері әсер етуі мүмкін, себебі сүзгілеу теңдей жүргізіледі. Екінші жолы, онлайн-казиноны Қазақстанда шектеуді заңдастыру. Себебі, сұраныс ұсынысты тудырады. Біздің ойымызша, бұл тәсіл Қазақстандағы онлайн-казино проблемасын азайтуға мүмкіндік береді. Лотерея операторы сияқты, онлайн-казино операторы құрылып, оған онлайн-казино сайттарын автоматты түрде бұғаттау құралдарын қаржыландыру міндеті жүктелуі мүмкін. Онлайн-казиноны заңдастыру мемлекеттің рөлін күшейтуге алып келеді, яғни бизнес пен азаматтар үшін нақты ережелер мен талаптарды белгілеу арқылы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді, — дейді ол.

Оның сөзінше, аталған қадамдар заңсыз онлайн-казинолар қаржысының елден сыртқа кетуін азайтып, азаматтардың құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Айта кетейік, Сенат қабырғасында ойын бизнесі және елімізде лотереяға қатысты қабылданған заңнамаға енгізілген өзгерістерді іске асыру барысы талқыланды.

Белгілі болғандай, елімізде құмар ойынға әуес мемлекеттік қызметкерлерді автоматты түрде анықтайтын арнайы жүйе әзірленіп жатыр.

Бүгінде елімізде 350 мың адам құмар ойынды жүйелі түрде ойнайды.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар өзін 10 жылға дейін құмар ойындардан шектей алады.

 

Тег: құмар ойындар

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстан әлемнің бақытты елдер рейтінгінде нешінші орында?

Қазақстан әлемнің бақытты елдер рейтінгінде нешінші орында?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz