Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда қандай жаңа айыппұл пайда болды?

фото: pixabay.com

Қазақстанда қандай жаңа айыппұл пайда болды?

04.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде жаңа айыппұл күшіне енді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Бұл туралы cауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

13 наурызда Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін асыра пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.

“Негізгі өзгеріс алғашқы құқық бұзушылық үшін қолданылатын санкцияның ауысуына қатысты: ескерту орнына енді бірден айыппұл салынатын болады. Бұл дегеніміз, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемесі 15 пайыздан асқан жағдайда, кәсіпкерлер бұрынғыдай ескерту алмай, бірден айыппұл арқалайтын болады”, — делінген сауда министрлігінің хабарламасында.

Бұрын алғашқы құқық бұзушылық кезінде кәсіпкер тек ескерту алатын, ал айыппұл тек қайталанған құқық бұзушылық үшін қолданылатын. 13 наурыздан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, алғашқы құқық бұзушылық үшін де жауапкершілік қатаңдатылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025
  • жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін – 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге);
  • орта бизнес үшін – 35 АЕК (2025 жылы 137 620 теңге);
  • ірі сауда желілері үшін – 150 АЕК (2025 жылы 589 800 теңге).

Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар екі есеге артады.

Сауда министрлігінің мәліметі бойынша, енгізілген өзгеріс бірінші қажеттілік өнімдерінің баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және негізсіз бағаның өсу тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Министрлік сауда орындарына бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

“Өткен аптада нан, макарон, күріш, күнбағыс майы, айран және тұз сияқты тауарлар бойынша баға тұрақты болды. Ал сиыр еті, қырыққабат және картоп сияқты тауарларда аздаған баға өсуі байқалды. Көкөніс тобындағы бағаның өсуі маусымдық факторға және коммуналдық қызметтер тарифтерінің қымбаттауына, сондай-ақ сақтау шығындарымен байланысты”, — делінген сауда министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 5 сәуірден бастап ереже бұзған мопед жүргізушілеріне айыппұл салу басталған еді.

Тег: айыппұл

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Неліктен елімізде ипотекадан көрі автонесие алушылар көбейді?

Неліктен елімізде ипотекадан көрі автонесие алушылар көбейді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz