Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Табиғи апаттардан тұрғын үйді сақтандыру жалпыға бірдей міндеттеледі ме?

фото: pixabay.com

Табиғи апаттардан тұрғын үйді сақтандыру жалпыға бірдей міндеттеледі ме?

06.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үкіметпен бірлесіп табиғи апаттан тұрғын үйді міндетті сақтандыруға қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Сақтандыру сомасы мен шарттары заң жобасы аясында белгіленбек, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тұрғын үйді табиғи апаттан сақтандыру жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, сақтандыру жалпыға бірдей міндеттеле ме, ол туралы шешімді құрамына халықаралық даму институттары кіретін жұмыс тобының ұсыныстары негізінде үкімет қабылдайды.

“Қазір апат қауіптерін сақтандырудың түрлі модельдері қарастырылып жатыр. Азия даму банкінен, Дүниежүзілік банктен техникалық көмек тартылды. Әлемдік тәжірибе бірде-бір жеке сақтандыру жүйесі апат қауіптерімен өз бетінше күресе алмайтынын көрсетіп отыр. Бұл бірнеше деңгейді қамтитын көп деңгейлі жүйе – бюджеттік төлемдер, ерікті немесе міндетті сақтандыру.  Апат қаупі жоғары елдерде міндетті сақтандыру жүйесі енгізіліп жатыр. Ол үшін мемлекеттік қолдау қоры түріндегі жеке заңды тұлғаны құру қажет болады. Мұндай қорлардың қаржысы апатты жағдай туған кезде тұрғындарды қолдау үшін бастапқы төлем жүргізуге арналған”, – дейді Мария Хаджива.

Ол заңды әзірлеу барысында Испания (қор 1939 жылы құрылған), Германия және Франция (1960 жылдары құрылған) тәжірбиесі зерделенгенін атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Ешбір елде қор апат кезінде туындайтын тәуекелдерді өз бетінше толықтай жаба алмайды. Бұл – мемлекет те, жеке сақтандырушы да қатысатын жүйе”, – дейді ол.

Агенттік өкілі сақтандыру сомасы да заң жобасы аясында шешілетінін атап өтті.

“Барлық ұсыныс халық бюджетіне салмақ салмайтындай сақтандыру сомасын белгілеуді көздеп отыр. Жұмыс тобына арналған мерзім белгіленді ол осы жылдың қыркүйек-қазан айлары”, – деп түйіндеді сөзін Хаджиева.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 11 маусымда үкімет халықты табиғи апаттан қорғауға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдаған еді. Ашық НҚА” порталында жарияланған заң жобасында мұндай сақтандырудың жылдық құны 1 мың теңгеден 20 мың теңге аралығында болуы мүмкін екені айтылған.

Тег: сақтандырутабиғи апатүй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстандағы ірі сауда желілеріндегі тауарлардың қанша пайызы отандық?

Қазақстандағы ірі сауда желілеріндегі тауарлардың қанша пайызы отандық?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz