Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

фото: amur.life

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

27.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді «өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеп, еңбек заңнамасын өрескел бұзып жатады. Мұндай жағдайда көпшілік құқықтық сауатсыздықтан амалсыз көнуге мәжбүр болады. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Ольга Гаврик еңбек құқығыңызды қалай қорғауға болатыны туралы кеңес берді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

«Өз еркімен» жұмыстан кетуге мәжбүрлеу – заңсыз

Адвокаттың айтуынша, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексіне сәйкес, әр азаматтың еңбек ету құқығы бар, ал оны шектеу – заңбұзушылық.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

«Егер жұмыс беруші қысым көрсетіп, арыз жазуға мәжбүрлесе, ешқандай жағдайда келіспеу керек. Арыз тек ерікті түрде жазылуы тиіс», – дейді Ольга Гаврик.

Не істеу керек?

  1. Мәжбүрлі арыздан бас тартыңыз.

  2. Еңбек инспекциясына жазбаша шағым жолдаңыз.

  3. Дәлелдер жинаңыз:

    • Еңбек шарты (жоқ болса – жазбаша сұратыңыз);

    • Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық;

    • Жұмыс уақытының табелі;

    • Жұмыс берушімен болған әңгімелердің жазбасы (жазар алдында ескерту қажет).

Құқықтық негіздер

  • ҚР Конституциясы, 24-бап, 1-тармақ: «Әркімнің еңбек ету еркіндігіне, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар».

  • ҚР Еңбек кодексінің 56-бабы: Қызметкер бір ай бұрын ескертіп, еңбек шартын өз еркімен бұза алады.

Егер жұмыс беруші еңбек шартындағы міндеттемелерді орындамаса (мысалы, демалыс бермеу, еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу), қызметкер 7 күн ішінде шара қолданылмаса, 3 күн бұрын ескертіп, жұмыстан шыға алады.

Сондай-ақ, өз еркіңізбен жазған арызды қайтарып алуға толық құқығыңыз бар.

Егер жұмыстан заңсыз шығарса

  1. Келістіру комиссиясына жазбаша арыз беріңіз.

  2. Комиссия көмектеспесе – сотқа жүгініңіз.

Сотқа жүгінгенде мынадай талаптар қойылады:

  • Жұмысқа қайта қабылдау;

  • Мәжбүрлі демалыс кезіндегі жалақыны өндіріп алу;

  • Моральдық зиянның өтемі.

Мерзімдер

  • Келістіру комиссиясына – 1 ай ішінде;

  • Сотқа – комиссия шешімінен кейін 2 ай ішінде;

  • Басқа еңбек даулары бойынша – 1 жыл ішінде.

Ең бастысы – қысым мен әділетсіздікке төзбей, дер кезінде әрекет ету. Қазақстан заңдары әрбір қызметкердің еңбек құқығын қорғауға кепілдік береді.

Тег: арызжұмыс берушізаң

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz