Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

фото: pixabay.com

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны мен мейрамхана іздеп әлек. Ал ата-аналар баласының арманы орындалуы үшін біраз шығынға батуға дайын. Kazinform агенттігінің мәліметінше, мектеп бітіру кешіне кететін шығын әр өңірде әртүрлі. Бірақ бір нәрсе анық – бұл қуаныш арзанға түспейді.

Мейрамхана – басты шығын көзі

Бітіру кешіндегі ең үлкен шығын – мейрамханаға төленетін ақша. Екі адамға арналған кешкі ас, яғни түлек пен ата-анасының бірі үшін орта есеппен 40 000-нан 150 000 теңгеге дейін қажет. Бұл сомаға банкет мәзірі, асаба, видеограф, кей жағдайда лимузин мен LED-экранды жалға алу да кіреді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Ең арзан банкеттер Петропавл, Түркістан және Тараз қалаларында өтеді – екі адамға шамамен 40 000–45 000 теңге. Ақтөбе, Орал, Павлодар, Көкшетау, Қонаев, Талдықорған мен Жезқазғанда бұл сома 50 000–60 000 теңгеге дейін көтеріледі. Ал ірі қалаларда – Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Шымкент және Қызылордада – банкеттің құны 70 000–100 000 теңге аралығында. Мейрамхана қызметі ең қымбат Атырауда – екі адамға 150 000 теңге.

Фотоальбом – естелік пе, сән бе?

Түлектер үшін тағы бір маңызды нәрсе – фотоальбом. Фотостудиялар әртүрлі форматтағы естелік альбомдарды ұсынады: 4-5 беттен тұратын қарапайым нұсқадан бастап, 100 бетке дейінгі сәнді фотокітаптар да бар.

Орташа есеппен, фотоальбом 10 000 теңге тұрады. Алайда баға өңірге қарай өзгеріп тұрады. Ең арзан альбомдар Петропавл, Семей мен Өскеменде – 8000–8500 теңге. Ал Ақтауда фотоестеліктің бағасы аспандап тұр – 30 000 теңге. Қалған өңірлерде баға 9000–20 000 теңге аралығында.

Киім – сән мен салтанаттың көрінісі

Бітіруші қыздардың кешке дайындығы ерекше. Кешкі көйлек – бұл тек киім емес, өз-өзіне деген сенімділіктің, мейрамның сәнінің көрінісі. Салтанатты көйлекті жалға алу – 10 000–150 000 теңге шамасында. Ал сатып алатындар үшін баға бірнеше есе жоғары болуы мүмкін.

Ұл балаларға арналған костюм-шалбар орта есеппен 50 000 теңге. Сонымен қатар, қыздардың шаш үлгісі мен макияжына орта есеппен тағы 20 000 теңге жұмсалады.

Қорытынды

Мектеп бітіру кеші – әрбір отбасы үшін маңызды күн. Дегенмен, соңғы жылдары бұл шараның шектен тыс сәнге, шығынға айналып кеткені байқалады. Ата-аналар мен мектеп әкімшілігі арасындағы тепе-теңдік пен келісім маңызды. Себебі баланың есінде қалатын кеш – көңілден шыққан қуаныш пен мейірімді орта, ал баға – кейін ұмытылатын сандар ғана.

 

Тег: Басты жаңалықтарқаржымектепоқушылартүлектер

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz