Бүгінгі таңда “Қазақстан халқына” қоғамдық қоры медицина, білім беру, спорт, әлеуметтік қолдауды қоса, 6 бағытта 35-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында атап өткендей, жаңа Қазақстанның рухына сәйкес келетін бастамалардың бірі “Самұрық-Қазына” таза табысының кемінде 7% “Қазақстан халқына” қоғамдық қорына жыл сайын аударып отырады. Бұл 2022 жылдың қорытындысы бойынша.
Қордың мәліметінше, бүгінгі таңда ауыр сырқаттағы адамдар және орфандық аурулары бар 324 қазақстандық жалпы сомасы 24,9 млрд теңгеден астам қымбат дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген, 20 пациент жалпы сомасы 585,1 млн теңгеге шетелдік ем алды, сондай-ақ 4 өңірде 4 жедел жәрдем орталығы ашылды.
Білім беру бөлігінде ағымдағы оқу жылына халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге 850 грант бөлінді, 17 өңірде материалдық-техникалық базаны толық жаңартумен 17 ауылдық тірек мектеп құрылды. 17 облыста тағы 63 мектеп бойынша жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ, ауылдық жерлерде 24 спорт залы ашылды, 15 мыңнан астам баланы қамтитын тағы 76 зал ашу жоспарлануда. Өңірлерде жылдам салынатын модульдік спорт залдарын орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, 96 бала мен жас 931,9 млн теңгеге инновациялық протездермен қамтамасыз етілді, 10 параспорттаушыға арналған спорттық-жүгіру протездері жасалды. Параатлеттерге арналған елдегі алғашқы жүгіру мектебі іске қосылды, аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 4 орталық ашылды.
Ұлттық әл-ауқат қорынан аударылатын қаражатты есептемегенде, тек қайырымдылық жарналарының мөлшері 156 млрд теңгені құрады.