Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Батандықтар ұялы байланыс пен ауызсуға жарымай отыр

Фото: Sputnik Қазақстан

Батандықтар ұялы байланыс пен ауызсуға жарымай отыр

02.08.2023
Kaskelenkz, Жаңа Қазақстан
71
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

11.03.2024
Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

07.03.2024

Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының тұрғындары таза ауыл суға жарымай отыр. Одан бөлек бұл жерде интернет тұрмақ, ұялы байланыс ұстамайды екен, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Географиялық жағдай бойынша Батан ауылы Жамбыл ауылдық округіне қарайды. Қалаға тиіп тұрған ауыл тұрғындары ауызсуға жарымай отыр. Көктемде егістікті суару тұрмақ, ішетін су табылмай қалады екен.

“Ауыз су ала жаздай болмай қалады. Жеке сорғы құралы барлар үйді-үйіне суды сол арқылы жеткізеді. Мысалы менің үйім шағын, мен ол сорғыны 30 мың теңгеге сатып алдым. Сол арқылы тартпасақ, су өздігімен келмейді. Жылда бір насос сатып аламыз. Ал үйлері үлкен тұрғындар одан да қымбатын сатып алады. Сосын жыл сайын жаңадан алуымызға тура келеді, өйткені насос бір жылдан соң іске жарамайды”, – дейді Батан ауылының тұрғыны Гүлғайша.

Насосты орнатуды әркімнің қалтасы көтере бермейді. Өйткені ол 7-8 ай бойы үздіксіз жұмыс істейді. Электр энергиясына қосылып тұруы шарт. Тұрғындардың айтуынша, қыс айларында электр жарығына 3-4 мың төлейді. Ал су тоқтаған мезгілде бұл сома 5 мыңнан асып жығылады екен.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин “Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Жапониядан асты” деп жар салып еді. Министрдің бұл сөзіне қарап, әр елдімекенде 5G интернет желісі қосылып тұр деген ойда қаласың. Батан ауылы Қазақстанда емес-ау шамасы. Себебі бұл елдімекен тұрғындары интернет тұрмақ, ұялы байланыстың қызығын көре алмай келеді.

“Қателеспесем міне 5 жылға жуықтады, ұялы телефон байланысы өте нашар. Интернетке кіру былай тұрсын, қоңырау соғып, сөйлесе алмаймыз. Әбден мезі етті. Мейлі қай ұялы байланыс болсын бәрі нашар тартады”, – деп шағымданды ауыл тұрғыны Айгүл Есжанова.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, жоғарыда аталған мәселелерден жергілікті әкімдік хабардар.

“Батан ауылында бір су ұңғымасы орналасқан. Қазіргі таңда жаңа құрылыс ауласы көбеюіне байланысты, қосымша ұңғыма орнату үшін жер іздестіріліп жатыр”, – дейді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Еламан Өмірбаев.

Әкімнің айтуынша, батандықтардың басын ауыртқан ұялы телефон байланысы да жуық арада шешіледі. Қазіргі уақытта “Мобайл Телеком-Сервис” ЖШС-мен ұялы телефон мұнарасын орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.

Батан ауылы Саламатов көшесі мекен-жайында орны белгіленіп, барлық қажетті құжаттары рәсімделді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен ұялы телефон мұнарасын орнату бойынша құрылыс жұмыстары басталды”, – дейді халық қалаулысы.

Ұқсас материалдар

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

11.03.2024

Алматы әкімдігі жер сілкінісі және басқа да ықтимал ТЖ кезінде халықты жедел хабардар ету жүйесін іске қосады, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

07.03.2024

Кейбір Қазақстандықтар кредит ала алмауы мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz  Депутаттар банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны тиісті тексерусіз несие береді...

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

04.03.2024

Алматыда қуатты жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды kaskelen.kz Алматыда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...

Алматылықтар жер сілкінісін сезді.

Алматылықтар жер сілкінісін сезді.

23.02.2024

23 ақпан сағат 10:08 Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды Kaskelen .kz Бұл жер асты дүмпулері бұрын...

Келесі
3,4 миллион теңге: “Үздік педагог” байқауына өтінімдер қабылдау басталды

3,4 миллион теңге: "Үздік педагог" байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz