Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Батандықтар ұялы байланыс пен ауызсуға жарымай отыр

Фото: Sputnik Қазақстан

Батандықтар ұялы байланыс пен ауызсуға жарымай отыр

02.08.2023
Kaskelenkz, Жаңа Қазақстан
66
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

29.09.2023
Қарасай ауданында мектеп асханасының мәзірі талапқа сай ма?

Қарасай ауданында мектеп асханасының мәзірі талапқа сай ма?

27.09.2023

Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының тұрғындары таза ауыл суға жарымай отыр. Одан бөлек бұл жерде интернет тұрмақ, ұялы байланыс ұстамайды екен, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Географиялық жағдай бойынша Батан ауылы Жамбыл ауылдық округіне қарайды. Қалаға тиіп тұрған ауыл тұрғындары ауызсуға жарымай отыр. Көктемде егістікті суару тұрмақ, ішетін су табылмай қалады екен.

“Ауыз су ала жаздай болмай қалады. Жеке сорғы құралы барлар үйді-үйіне суды сол арқылы жеткізеді. Мысалы менің үйім шағын, мен ол сорғыны 30 мың теңгеге сатып алдым. Сол арқылы тартпасақ, су өздігімен келмейді. Жылда бір насос сатып аламыз. Ал үйлері үлкен тұрғындар одан да қымбатын сатып алады. Сосын жыл сайын жаңадан алуымызға тура келеді, өйткені насос бір жылдан соң іске жарамайды”, – дейді Батан ауылының тұрғыны Гүлғайша.

Насосты орнатуды әркімнің қалтасы көтере бермейді. Өйткені ол 7-8 ай бойы үздіксіз жұмыс істейді. Электр энергиясына қосылып тұруы шарт. Тұрғындардың айтуынша, қыс айларында электр жарығына 3-4 мың төлейді. Ал су тоқтаған мезгілде бұл сома 5 мыңнан асып жығылады екен.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин “Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Жапониядан асты” деп жар салып еді. Министрдің бұл сөзіне қарап, әр елдімекенде 5G интернет желісі қосылып тұр деген ойда қаласың. Батан ауылы Қазақстанда емес-ау шамасы. Себебі бұл елдімекен тұрғындары интернет тұрмақ, ұялы байланыстың қызығын көре алмай келеді.

“Қателеспесем міне 5 жылға жуықтады, ұялы телефон байланысы өте нашар. Интернетке кіру былай тұрсын, қоңырау соғып, сөйлесе алмаймыз. Әбден мезі етті. Мейлі қай ұялы байланыс болсын бәрі нашар тартады”, – деп шағымданды ауыл тұрғыны Айгүл Есжанова.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, жоғарыда аталған мәселелерден жергілікті әкімдік хабардар.

“Батан ауылында бір су ұңғымасы орналасқан. Қазіргі таңда жаңа құрылыс ауласы көбеюіне байланысты, қосымша ұңғыма орнату үшін жер іздестіріліп жатыр”, – дейді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Еламан Өмірбаев.

Әкімнің айтуынша, батандықтардың басын ауыртқан ұялы телефон байланысы да жуық арада шешіледі. Қазіргі уақытта “Мобайл Телеком-Сервис” ЖШС-мен ұялы телефон мұнарасын орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.

Батан ауылы Саламатов көшесі мекен-жайында орны белгіленіп, барлық қажетті құжаттары рәсімделді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен ұялы телефон мұнарасын орнату бойынша құрылыс жұмыстары басталды”, – дейді халық қалаулысы.

Ұқсас материалдар

Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

29.09.2023

Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат порталы. Оқиға Кербұлақ ауданында болды. 28 қыркүйекте...

Қарасай ауданында мектеп асханасының мәзірі талапқа сай ма?

Қарасай ауданында мектеп асханасының мәзірі талапқа сай ма?

27.09.2023

Осы біздің балаларымыз не жеп жүр? Мектепте қалай тамақтанады? Мектеп асханаларының ас мәзірі талапқа сай ма? Осы сұраққа жауап алу...

Қаскелең қаласында саябақ салатын жер жоқ па?

Қаскелең қаласында саябақ салатын жер жоқ па?

27.09.2023

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында саябақ қашан салынады деген сұрақ тұрғындар көкейінде жүргелі біраз болды. Осы сауалға жауап алу мақсатымен...

“Ақшаны Бекболат Тілеуханов алды”: “Кausar Trаvel” директоры 6 жылға сотталды

“Ақшаны Бекболат Тілеуханов алды”: “Кausar Trаvel” директоры 6 жылға сотталды

26.09.2023

Шымкентте атышулы сот процесі аяқталды. Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары Мекке мен Мединаға барамыз деп алданып қалған болатын, деп хабарлайды...

Келесі
3,4 миллион теңге: “Үздік педагог” байқауына өтінімдер қабылдау басталды

3,4 миллион теңге: "Үздік педагог" байқауына өтінімдер қабылдау басталды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz