Шамалған бекеті проблемалық жер екені барлығына белгілі. Бұған kaskelen.kz инста-парақшасына келген толассыз видеолар дәлел. Видеоларға қарағанда адамдар теміржол ережесіне пысқырып та қарамайтын көрінеді, деп жазады kaskelen.kz тілшісі.
Бүгін Шамалған бекетіндегі теміржол өткелінде жағдай тіптен сұмдық болды. Оқырмандарымыз толассыз жіберген видеоларда бір киноға татитындай ақпарат берілген.
Видеодағы кадрларға қарағанда, теміржол бойында пойыз келе жатса, теміржолды жаяу жүргінші кесіп өткен. Алайда 500 метр жердер жерүсті жаяу жүргінші жолы бар. Келесі видеода көліктер кептелісте тұрғанда адамдар бірінен-соң бірі жолды қиып өткен.
Басқа жақта адамдар пойыздан қашса, қазір бұл жақта пойыз адамдарды көріп тоқтайтын сияқты. Сенбесеңіз видеоны толық көріңіз.