1 ақпаннан бастап қазақстандықтар “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша балаға берілетін соманы біле алатыны хабарланғанеді. Алайда балаңыздың шотына ақша түспесе, ондай кезде не істеу керек? kaskelen.kz тілшісі түсіндіріп береді.
Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеру қажет:
- балада жеке басын куәландыратын құжат болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); жеке басын куәландыратын құжатта деректер болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
- egov.kz порталындағы жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтер болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).