Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Банк картаңыздан ақша ұрланса, не істеу керек?

фото: ашық дереккөз

Банк картаңыздан ақша ұрланса, не істеу керек?

29.01.2024
Керек - Дерек
151
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ешқайда аударымдар жасамаған, ештеңе сатып алмаған болсаңыз да кенеттен шотыңыздан қаражат жоғалып кеткенін байқасаңыз, не істеу керек? Жоғалған ақшаңызды қайтарудың жолы бар ма? Банк ЦентрКредит бұл мәселенің шешу жолдарымен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бірден дүрбелеңге салынып кетпей тұтынушы өзі жасамаған операцияның шынымен де алаяқтардың ісі екеніне көз жеткізуі керек. Ең дұрысы, мобильді немесе интернет-банктің жеке шотындағы соңғы ақпаратты тексеру қажет. Кейде тұтынушылар сынақ ретінде тегін қосылған, содан кейін ақылы болып кеткен қызметтер немесе автоматты төлемдерді өшірмейді. Егер мұндай жағдай орын алған болса, қажетсіз қызметтерді өзіңіз немесе қолдау қызметі арқылы өшіру қажет болады.

Қаражат өздігінен не үшін алынуы мүмкін?

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Кейде қаражат техникалық ақауларға байланысты я болмаса тіркелмеген не кешігіп алынған төлемдер үшін алынуы мүмкін. Сондай-ақ комиссия жарнасы ұсталуы да ғажап емес. Мұнда тұрған ешқандай астыртын әрекет жоқ. Төлем жасау кезінде техникалық ақау орын алуы мүмкін, әдетте тұтынушы PIN-кодты немесе растау кодын екі рет енгізгенде ақша картадан екі рет алынып кетеді. Дегенмен банк мамандары мұндай құбылыстар сирек кездеседі дейді.

Ақша ұрланған жағдайда не істеу керек?

Әдетте банктің онлайн қосымшасы арқылы картаны бұғаттау қажет болады. Ал егер ақша шоттан шығарылған болса, банк бөлімшесіне барып, белгіленген үлгі бойынша жазбаша өтініш беру керек. Сондай-ақ ақша жоғалған жағдайда полицияға хабарласып, арыз жазу керек. Ары қарай банктен жауап күту керек. Егер ұрлық шетелде жасалса, күту мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Алынған қаражатты қайтаруға бола ма?

Егер қаражат сот шешімімен немесе банк алдында қарызының болуына байланысты шоттан алынған болса, онда, әрине, бұл ақшаны қайтаруға болмайды. Ал ақша карта ұстаушының телефонына жіберілген растау коды арқылы шығарылған болса, мұны банк қайтара алмайды. Себебі құпия кодтарды ешкімге жариялауға болмайды, мұндайда ұйым қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік арқаламайды.

Егер қолма-қол ақшаны алу кезінде банкоматтың өзінде ақау орын алса және ақшаны ала алмасаңыз, қолдау қызметіне қоңырау шалғаннан кейін ақша шотқа қайтарылады.

Осы ретте Банк ЦентрКредит шоттың жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылаудың мынадай кеңестерін ұсынады:

  • Жеке ақпарат пен тіркеу жазбасын қауіпсіздікте сақтаңыз.
  • Аккаунт пен шоттың үзінді көшірмелерін үнемі бақылап жүріңіз.
  • Сенімді, бірегей құпия сөздерді пайдаланыңыз және оларды жиі өзгертіп тұрыңыз.
  • Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.
  • Қоғамдық Wi-Fi немесе ортақ компьютерлерді пайдаланғанда абай болыңыз.
  • Жалпы алаяқтық жүйелері мен әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болыңыз.

Қауіпсіздік шаралары

  1. Қаражаттың барлығын картада сақтамай, жинақ шоттарын пайдалануға болады. Ал егер сіздің картаңыз ұрланса, алаяқтар кіріс шотындағы ақшаны пайдалана алмайды.
  2. Шоттарыңызға кез келген уақытта қолжеткізу үшін банктің мобильді қосымшасын қолданыңыз.
  3. Шығындар мен төлемдер туралы хабарландыруларды қосыңыз (бағдарлама мүмкіндіктеріне байланысты SMS немесе push-хабарлама көмегімен).
  4. Қолма-қол ақша шығаруға және онлайн төлемдер жасауға шектеу қойыңыз.
  5. Карта PIN кодын үнемі өзгертіп тұрыңыз және оны ешкіммен бөліспеңіз, дүкенде төлем жасағанда немесе қолма-қол ақшаны алған кезде кодты қолыңызбен жауып тұрыңыз.
  6. Банк картасын қолданатын сайттардың қауіпсіздігі мен сенімділігін тексеріңіз.

Осы ретте Банк ЦентрКредит тұтынушылары үшін барынша қолдау бере алатынын атап өтті. Банк жасалған операцияның егжей-тегжейін диспут арқылы қарастырады. Операцияны жоққа шығаруға, ақша түскен тараппен байланысып, оны қайтаруға тырыса алады. Бұл ретте әрбір тұлғаның жағдайы ерекше екенін есте сақтау керек.

Тег: алаяқтарбанккартақылмыс

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
“Қай жерден қате жібердім”: Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды (видео)

"Қай жерден қате жібердім": Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz