Құрылыс жүргізуді ұйымдастыру мен құрылыс саласына рұқсат беру рәсімдерінен өтудің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, нысандарды пайдалануға беру критерийлерінің бірі ретінде құрылысқа бөлінген аумақты абаттандыру мен көгалдандырудың болуы міндеттеліп отыр.
“Аталған түзетулер шеңберінде бекітілген жобаға сәйкес құрылысты монтаждау жұмыстары, объектіні инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу, объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар орындалған нысандардың (кешендердің) жай-күйі мен салынған нысандардың (кешендердің) толық әзірлігі бақыланады”, – делінген өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.
Жаңадан салынған объектілерді пайдалану беру объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
“Нысандарды пайдалануға берудің өлшемшарттарының бірін белгілеу объектіні салуға бөлінген аумақты көгалдандырудың болуы тұрғындардың жайлылық деңгейін едәуір арттыруға, жел мен шаңды ұстап, атмосферадағы оттегінің құрамын арттыруға, шу және өндірістерден үй маңындағы кеңістікті бөлуге, ауланың келбетін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.