Ол үшін қандай құжаттар рәсімделеді және қайда тапсыру керек?
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миністірлігіне egov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы арыз бересіз.
2. Ал біріңғай зейнетақы қорынан алатын болсаңыз, сол мекемеге барып арыз жазасыз.
Тапсырылатын құжаттар тізімі:
- Қайтыс болған адамның зейнетақы қоры бар туысының жеке басын куәландыратын төлқұжат;
- Марқұмның қайтыс болғанын растайтын куәлік;
- Жәрдемақы алушының банктік шоты туралы ақпарат.
Жәрдемақы алушы осы құжаттарды жақыны қайтыс болғаннан кейінгі 15 күннің ішінде рәсімдеп өткізу керек. Құжаттар тапсырылған соң республикалық бюжеттен төленетін жәрдемақы көлемі 35 АЕК – ол 120 750 теңге және 3 күнде алуға рұқсаты шығады.
Ал Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тапсырылған құжаттардың жауабы қайтыс болған адамның зейнетақы қоры болса – 94 АЕК, ол – 324 300 теңге және 5 күн ішінде рұқсаты келеді.