Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтар азық-түлікке көбірек ақша жұмсай бастады: Неліктен?

фото: pixabay.com

Қазақстандықтар азық-түлікке көбірек ақша жұмсай бастады: Неліктен?

11.07.2024
Керек - Дерек, Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыны 6,7 пайызға немесе жан басына шаққанда 131,3 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстандықтардың шығынының басым бөлігі азық-түлік өнімдерін сатып алуға кетеді. Оған қоса, адамдардың азық-түлікке жұмсайтын сомасы үнемі өсіп келеді.

Finprom порталының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың бірінші тоқсанында әрбір орташа қазақстандық азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсаған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,7 пайызға артық.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Салыстыра кетсек, өткен жылдың 1 тоқсанында шығын көлемі жан басына шаққанда 123,1 мың теңге болса, 2022 жылы 101,6 мың теңге болса, 2019 жылы небәрі 72,3 мың теңгені құраған.

Айта кеткен жөн, әр өңірде тұратын қазақстандықтардың шығындарында айтарлықтай айырмашылық бар. Алматы тұрғындары ең көп ақша жұмсайды – жан басына шаққанда 181,5 мың теңге.

Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары – сәйкесінше 152,1 мың теңге және 146,7 мың теңге. Астанада бұл көрсеткіш 142,3 мың теңге, ал Шымкентте 115,6 мың теңге болды.

Азық-түлік пен сусынға ең аз ақшаны Қызылорда (жан басына шаққанда 104,6 мың теңге), Ақтөбе (106,4 мың теңге) және Түркістан (110,4 мың теңге) облыстарының тұрғындары жұмсаған.

Қазақстандықтар ақшасын қайда жұмсайды?

Соманың көп бөлігі екі негізгі азық-түлікке кетеді: ет, сондай-ақ нан және жарма өнімдеріне. Бірінші жағдайда шығыстар бір жылда 6,4 пайызға, жан басына шаққанда 43,3 мың теңгеге дейін, ал екіншісінде 8,6 пайызға, яғни 20,5 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар сүт өнімдеріне (14,5 мың теңге, жылына 7,7 пайыз), жемістерге (11,6 мың теңге, плюс 12,2 пайыз) және көкөніске (8,9 мың теңге, плюс 0,7 пайыз) қомақты сомалар жұмсалады.

Қазақстандықтар бір тоқсанда қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге 6,7 мың теңге, балық пен теңіз өнімдеріне 5,9 мың теңге, алкогольсіз сусындарға 5,8 мың теңге, жұмыртқаға – 3,3 мың теңге жұмсаған.

Шығындардың өсуіне Қазақстандағы инфляция маңызды рөл атқарды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ол 9,3 пайыз болса, сол кездегі азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде 7,5 пайызға қымбаттаған болатын.

Тег: азық-түлікақшақаражат

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Биылғы шомылу маусымы басталғалы қанша адам батып кетті?

Биылғы шомылу маусымы басталғалы қанша адам батып кетті?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz