Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Құрылысы әлі бітпеген үйден пәтер алар кезде нені білу керек?

фото: pixabay.com

Құрылысы әлі бітпеген үйден пәтер алар кезде нені білу керек?

05.08.2024
Керек - Дерек, Жаңалықтар
77
👁️
WhatsappTelegramFacebook

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алтай Күздібаев үлескерлік құрылысқа ақша салған кезде алданбау үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Біздің азаматтар құрылысы әлі бітпеген нысаннан пәтер сатып алатын кезде ең әуелі сату бөлімінен нысанның құжаттарын тексеру керек. Құрылысқа үлескердің ақшасын тартуға рұқсат беретін әкімдіктің немесе «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамының кепілдігі болу керек. Осы құжаттар бойынша homeportal.kz ресурсынан аталған нысан туралы ақпараттарды тексере алады. Ол ресурста салынып жатқан нысанның орны, қашан салынып бітетіні, қолданысқа қашан берілетіні, неше пәтерлік үй екені, техникалық қадағалауды қандай компания жүргізетіні, құрылысқа қандай компания жауапты екені туралы мәліметтің бәрі бар. Жыл аяғына дейін осы порталдан үлескерлерді онлайн қолдау орталығын ашамыз. Бұл мәліметтер порталда жоқ болса, ол нысанның салынып бітетініне мемлекет кепілдік берген жоқ деген сөз. Ал мен атаған мәліметтің бәрі порталда болса, сату бөлімінде сату-сатып алу келісімшартын жасағанда әрбір сөзді мұқият оқып, мәнін түсіну керек. Үлескерлік қатысудың келісімшарты Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітілген типтік үлгі бойынша жазылады. Өзіңіз қол қоятын келісімшарт сол типтік формаға сәйкес келе ме, жоқ па дегенді қарау керек», – дейді ол.

Сонымен қатар, үлескер ақшасын тартуға рұқсаты жоқ нысаннан пәтер сатып алған адамның құқығын ертең ешкім қорғамайтынын ескертеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

«Тағы да қайталап айтамын, жобалау-сметалық құжаттары мен үлескер ақшасын тарту рұқсатын көрсетпеген компаниядан аулақ болған дұрыс. Ондай рұқсатты жергілікті әкімдік немесе Қазақстан тұрғын үй компаниясы беретінін айттым. Осы екі құжатты сұрау керек. Бұл құжаттар болмаса, ертең сатып алған үйіңіз салынып бітпей қалса, заң да, әкімдік те сізге көмектесе алмайды. Құқығыңыз 100 пайыз бұзылады. Әкімдікке барсаңыз құқық қорғау органдарына сілтеумен шектеледі. Өйткені әкімдік кепілдік бермеген нысанға ақша салған болып шығасыз», – деді Алтай Күздібаев.

Тег: құрылыспәтертұрғын үй

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елімізде мұнайды кім және қайда жөнелтеді?

Елімізде мұнайды кім және қайда жөнелтеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz