Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде неге назар аудару керек?

фото: 7kun.kz

Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде неге назар аудару керек?

05.02.2024
Керек - Дерек
11
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қаржы реттеушісінің лицензиясының болуы

Сақтандыру компаниясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру қызметін іске асыру құқығына берген лицензиясы болған кезде ғана жұмыс істеуге құқылы. Оны тексеру үшін Агенттіктің www.gov.kz интернет-ресурсындағы «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөліміне өтіңіз (тізілім кестесін жүктеуге, белгілі бір компанияны табуға және лицензияның болуын тексеруге болады).

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Компанияның тарифтері

Тарифтерге назар аударыңыз. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді.

Ерікті сақтандыру түрлері бойынша сіз полистің болжамды құнын сақтандыру компаниясының сайтында онлайн есептей аласыз. Сақтандыру компаниясын таңдауда толық сенімділік үшін олар ұсынатын тарифтер мен сақтандыру полистерінің құнын салыстыруды ұсынамыз.

Компанияның беделі

Беделі жақсы компанияларды таңдаңыз. Сондай-ақ, сайттан компания жайлы пікірлермен танысудың, сақтандыру қызметтерін пайдаланып көрген таныстарыңыздан сұрап-білудің де маңызы көп.

Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) талаптары

Назар аударыңыз! Талаптарын оқып шықпай тұрып, ешқашан шартқа қол қоймаңыз! Сіздің сақтандырушымен қарым-қатынастарыңызды реттейтін бұл маңызды құжатпен, әсіресе, онда сақтандыру жағдайының белгілері көрсетілген тармағымен мұқият танысып шығыңыз. Сіздің сақтандырудың қандай жағдайларға қатысты қолданылатынын, ал қандай жағдайлардың сақтандыру жағдайына кірмейтінін нақты білуіңіз керек.

Шартқа қол қоюдан бұрын компания өкілінен түрлі жағдайларда шығынды өтеу рәсімі туралы нақтылап біліп алыңыз, мерзімдер, франшиза мен басқа да маңызды нюанстардың болуы туралы сұраңыз.

Сақтандыруды онлайн ресімдеу кезінде абай болыңыз

Сақтандыру полисін онлайн ресімдеудің бірқатар елеулі артықшылықтары бар. Біріншіден, ыңғайлылық, екіншіден, уақытты үнемдеу. Алайда кейбір кемшіліктер де кездеседі, оның ішіндегі басты кемшілік – кибералаяқтарға тап болу қаупі. Мысалы, осы сақтандыру компаниясының сайтын қайталайтын жалған парақшаға тап болу. Сондықтан, полисті онлайн ресімдеу және сатып алудың алдында сайтты мұқият зерттеңіз. Мекенжай жолағына және қорғалған байланыс белгісіне назар аударыңыз, электрондық хатпен немесе SMS-хабармен жіберілген сілтемелер арқылы өтпей, веб-мекенжайды қолмен терген дұрыс.

Сондай-ақ, сақтандыру компанияларының ресми сайттары Агенттіктің www.gov.kz интернет-ресурсының «Қаржы нарықтары» → «Сақтандыру секторы» → «Сақтандыру нарығының қатысушылары» бөлімінде көрсетілген. Қажетті сақтандыру нысанын саналы түрде таңдау арқылы сіз өзіңізді және жақындарыңызды кез келген өмір белестерінен қорғай аласыз, сонымен бірге күтпеген жағдай туындаған уақытта қаржыңызды сақтап қаласыз.

Тег: компаниясақтандыру

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz