Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жол апатына түскендер сақтандыру төлемдерін қалай ала алады?

фото: inbusiness.kz

Жол апатына түскендер сақтандыру төлемдерін қалай ала алады?

27.12.2023
Керек - Дерек
125
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Егер азамат қоғамдық көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапқан немесе зардап шеккен жағдайда, міндетті автосақтандыру аясында төлемақы өндіре алады. Мамандар бұл мәселеге қатысты кеңестерін берді.

Қайғылы жағдайда қаза тапқан тұлғалардың туыстары, сондай-ақ барлық басқа зардап шеккендер міндетті автосақтандыру шеңберінде сақтандыру төлемдерін ала алады.

“Евразия” СК атқарушы директоры Гүлназ Мұхтарова сақтандыру төлемдерін алу үшін не істеу керегін айтты. Маманқоғамдық көлікте жол қозғалысының басқа қатысушыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін сақтандыру болуы міндетті екенін жеткізді. Автобус, троллейбус және басқа да көліктер үшін екі түрлі сақтандыру рәсімделеді:

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
  • Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келтірілген залалдан қорғайды;
  • Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру  қоғамдық көліктегі адамдарды қорғайды.

Жол апатынан қаза тапқан және зардап шеккендерге қанша төленеді?

Адам қаза тапқан жағдайда оның асырауында қалған адамдар, яғни кәмелетке толмаған балалар мен ерекше қажеттілігі бар ата-аналарға 2 мың АЕК немесе6,9 млн теңге төленеді.

Сонымен қатар сақтандыру компаниясы жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін 100 АЕК немесе 345 мың теңге бөледі. Ол үшін марқұмның туыстары шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жаяу жүргіншілердің денсаулығына зиян келген жағдайда олардың еміне 300 АЕК немесе 1 миллион 35 мың теңгеге дейін беріледі. Ол үшін шығындары құжатпен расталуы қажет.

Жол апатының кесірінен зардап шеккен адамға мүгедектік берілсе,  мынадай сақтандыру төлемдері көзделген:

  • I топ – 1,6 мың АЕК немесе 5,52 миллион теңге;
  • II топ – 1,2 мың АЕК немесе  4,14 миллион теңге;
  • III топ – 500 АЕК немесе 1,725 миллион теңге.

Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның мөлшері медициналық ұйымдар берген құжаттар негізінде айқындалады.

Жол апатынан зардап шеккен көліктің иелері 600 АЕК-ке дейін немесе 2,07 миллион теңгеге дейін сақтандыру төлемін алуға құқылы. Ал көлігі бұзылғаны үшін 2 мың АЕК немесе 6,9 миллион теңгеге дейін ақша төленеді. Оның мөлшерін бағалаушы маман анықтайды.

Сақтандыру төлемін қалай алады?

“Жол апатынан зардап шеккен тұлғалар, сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғалар автобус жүргізушісінің жауапкершілігі сақтандырылған компанияға жүгіну қажет. Оның қандай сақтандыру компаниясына қарайтынын екенін Алматы қаласының полиция департаментінен, жол полициясы бөлімінен білуге болады”, –деп қосты “Евразия” сақтандыру компаниясының өкілі.

Сақтандыру төлемдерін делдалдарды қатыстырмай, сақтандыру компаниясына жеке жүгінген кезде дербес алуға болады. Ол үшін заңда белгіленген құжаттар тізімін жинау қажет. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша қажетті құжаттар туралы ақпаратты тікелей сақтандыру компаниясынан алуға болады.

Тег: жол апатыкөліксақтандыру

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Инсульт алып, екі қолым істемей қалды”: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы жайлы айтты (видео)

"Инсульт алып, екі қолым істемей қалды": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы жайлы айтты (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz