ЖШС басшылығының үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуға күдігі бойынша қылмыстық істі ШҚО бойынша АФМ департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
“Тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды тұлғалары 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмағандықтан, пәтерлерді ерте брондау сияқты осы қызметті бүркемелеп, азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды. Халықтың сенімін асыра пайдалана отырып, олар 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденді”, – деп хабарлады ҚМА.
Қазіргі уақытта тараптар қосымша келісімдер жасасу жолымен пәтерлерді алдын ала брондау шарттарын бұзды, Құрылыс жүзеге асырылмайды, сот шешімімен осы ЖШС-нің құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды.
Ұйым басшысына қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сайланды. Тергеу жалғасуда.