Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Несиесі кешірілгендер қайта қарызға батып жатыр

фото: ашық дереккөз

Несиесі кешірілгендер қайта қарызға батып жатыр

20.11.2023
Өзекті
60
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Биыл 2019 жылғы несиесі бар көптеген азаматтың қарызы кешірілген еді. Бірақ олар қайтадан қарызға белшеден батқан. Қазақстандықтардың жалпы қарыз сомасы 67,5 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Inbusiness.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

2019 жылы Қазақстанда ресми түрде несие қарызын кешіру процедурасы жарияланған болатын. Ол үш кезеңнен тұрды, амнистия барысында 578 мыңға жуық азаматтың қарызы жойылды, жалпы кешірілген қарыз сомасы 120 миллиард теңгеден асты.

Бұл ретте несиесі есептен шығарылған азаматтарға жаңадан несие алуға тыйым салынбаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

14.05.2024
Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

14.05.2024

“Жоғарыда аталған көрсеткіштерге сүйенсек, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2020 жылы 1 қаңтардан кейін қарыз алған адам саны – 395 мың, алынған қарыз сома – 685 млрд теңге”, – делінген Inbusiness.kz хабарламасында.

Сонымен қатар қарыз алушылардың ішінде 70 мыңға жуығы немесе 9,9 пайызы өтеу мерзімін 90 күннен асырып, кешіктірген. Кешіктірілген қарыз мөлшері – 67,5 млрд теңге.

Осылайша 2019 жылы азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған бағдарлама оларға тиімді нәтиже бермеген.

Еске сала кетейік, 2022 жылы шағын несиелер бойынша азаматтардың проблемалық берешегінің деңгейін төмендету мақсатында несиесін өтей алмайтын 567 мың қарыз алушының проблемалық берешегі реттелсе, 28 мыңға жуық азаматтың жалпы сомасы 600 миллион теңге көлемінде қарызы толық кешірілген болатын.

Тег: несие

Ұқсас материалдар

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

14.05.2024

Қазақстандықтардың білім беру қызметіне жұмсаған шығыны бір жылда 29,1 пайызға өсті. Олардың көпшілігі балабақша ақысын төлеуге жұмсалса, ал тең жартысы...

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

14.05.2024

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 1,52 пайызға, яғни 6,8 мың адамға өсті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі....

Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

14.05.2024

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе, оны төлемеу керек. Бірден несиені рәсімдеген банкті немесе қаржы ұйымын анықтап, оларға шағым жолдаған жөн. Толық...

Еліміздің барлық қалаларында дерлік тұрғын үй бағасы арзандады

Еліміздің барлық қалаларында дерлік тұрғын үй бағасы арзандады

10.05.2024

Сарапшылар сәуір айында Қазақстанның көптеген қаласында тұрғын үй бағасының төмендеуін тіркеді. Шаршы метрдің құны ең көп Алматыда бір айда 2,1...

Келесі
Жартылай жалаңаш суретін салған актер Еркебұлан Тоқтар көпшіліктің сынына қалды

Жартылай жалаңаш суретін салған актер Еркебұлан Тоқтар көпшіліктің сынына қалды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz