Павлодар қаласының экс-әкімі Ержан Иманзайыпов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Kaskelen.kz
“Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын.
Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым. Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!”, – делінген жазбада.