Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Суға түсіп үлгермеген”: Түркістандағы трагедия бойынша жаңа деректер шықты

фото: Kazpravda.kz

“Суға түсіп үлгермеген”: Түркістандағы трагедия бойынша жаңа деректер шықты

22.08.2023
Жаңа Қазақстан, Жаңалықтар
1.6k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Кеше Түркістан облысындағы Сырдария өзеніне демалуға барған 20 адамның 11-і суға батып кетті. Қайтыс болған бес бала және алты ересек адам ағайынды болып шықты. Түркістан облысы әкімдігі өкілі оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның ішінде бес бала және алты ересек адам бар.

“Төрт ағайынды азаматтың отбасы отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатып, демалуға өзенге тоқтаған. Сол жерде олардың балаларының бірінің аяғы тайып кетіп, ондағылар құтқаруға ұмтылған. Алдын ала ақпарат бойынша, олар бір-бірін құтқаруға тырысып, батып кетті. Олардың барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Суға түсіп үлгермеген. Арнайы өзен жағасына суға шомылуға не демалуға бармаған”, – делінген хабарламада

ТДЖ мәліметінше, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздестіру нәтижесінде судан сегіз адамның денесі алынды, қалғандарына іздестіру жалғасады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Айта кетейік, облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданы әкімдігінің, аудандық ТЖ, орман шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, еріктілер жіберілген. Олар бірден іздестіру шараларына кіріскен.

Еске салсақ, кеше, 21 тамыз күні Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткені туралы хабарланған болатын.

Тег: Басты жаңалықтар

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қайрат Боранбаев кінәсін мойындады

Қайрат Боранбаев кінәсін мойындады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz