Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Үкімет Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алады

Үкімет Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алады

29.08.2023
Жаңа Қазақстан, Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Үкімет жыл сайын Ұлттық қордан 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт алуды жоспарлауда. Үкімет отырысында 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын ұсынған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Kaskelen.kz

Министрдің  мәліметінше, республикалық бюджет шығыстары 2024 жылы 24 трлн теңге көлемінде болады деп болжануда. Яғни жалпы ішкі өнімнің 17,8%-ін, 2026 жылы – 25,2 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 14,6%-ін құрайды.

“Сонымен қатар сіздердің қарауыңызға “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заң жобасы енгізіледі. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2024 жылы барреліне 43,4 доллар, 2025-2026 жылдары барреліне 40,2-41,8 доллар деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қалпына келтіру үшін 2024-2026 жылдары республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге сомасында айқындалды”, – деді ол.

Министр ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2024 жылы 7,5 трлн теңге, ал  2025-2026 жылдары 8,3 трлн теңге көлемінде болжануда деп мәлімдеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Ұлттық қордың таза қаражаты 2024 жылы 3,9 трлн теңге, 2026 жылы 6,3 трлн теңге көлемінде жоспарлануда. Трансферттерді жоспарлы пайдалануды, сондай-ақ қорды басқаруға байланысты шығыстарды ескере отырып, Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы – 68 млрд АҚШ доллары, 2026 жылы – 93,3 млрд АҚШ доллары көлемінде болжанады. Жобада нысаналы трансфертті 2024 жылы 400 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, “Ұлттық қордан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заңының және “Ұлттық қордан 2022–2024 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы” жарлығына өзгеріс енгізу жобаларын қолдауларыңызды сұраймын”, – деді министр.

Тег: каскеленкзқаржыүкіметҰлттық қор

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда бейтаныс қыздың кеудесінен ұстаған ер адам қамауға алынды

Алматыда бейтаныс қыздың кеудесінен ұстаған ер адам қамауға алынды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz