Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
3,6 млн теңгеден асатын несие алушылар жұбайының келісімін қалай рәсімдейді?

фото: pixabay.com

3,6 млн теңгеден асатын несие алушылар жұбайының келісімін қалай рәсімдейді?

12.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғаларға банктен қарыз бен шағын несие беру кезінде жұбайлардың келісімін талап ететін шарттарды нақтылайтын қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылға белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе тұтынушылық микрокредиттің ең төменгі мөлшері бекітілсін», — деп жазылған қаулы жобасында.

Яғни, қатардағы қазақстандықтар банктен несие немесе қаржы ұйымдарынан шағын несие алған кезде сұрап отырған сома 1000 айлық есептік көрсеткіштен асса, жұбайының келісімін алуы керек.

2024 жылғы бір айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге екенін ескерсек, шекті сома 3 млн 692 мың теңге деген сөз.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Кредит беруші жеке тұлғаға кредит беру туралы шешім қабылдағаннан кейін азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі (АХАЖ) арқылы оның жұбайы туралы ақпаратты тексереді не кредиттік бюродан АХАЖ-да бар ақпаратты алады. Жұбайының келісімі АХАЖ-да клиенттің жұбайы туралы ақпарат болған кезде талап етіледі», — делінген құжатта.

Несие алушының жұбайы өз келісімін қағаз түрінде де, онлайн тәсілмен де растай алады. Ол үшін келісім беру құжатында мына деректер көрініс табу керек:

  • келісімнің ресімделген күні;
  • клиент пен жұбайының тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі;
  • рәсімделетін кредиттің сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.

Қағаз түрінде берілген келісімді нотариус арқылы куәландыру қажет.

Электронды келісім беру eGov веб-порталы биометриялық идентификаттау (адамның бет әлпетін веб-камера арқылы біріздендіру) арқылы рәсімделеді.

Мұндай келісімді несие алушының жұбайы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы 48 сағат ішінде куәландыруы қажет.

Тег: келісімнесие

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде құтқарушылар саны жеткілікті ме?

Елімізде құтқарушылар саны жеткілікті ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz