Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ақтөбе облысының балабақшасында қарда жалаңаяқ жүгірген бүлдіршіндер тұрғындарды шошытты (видео)

фото: видеодан үзінді

Ақтөбе облысының балабақшасында қарда жалаңаяқ жүгірген бүлдіршіндер тұрғындарды шошытты (видео)

18.01.2024
Жаңалықтар
152
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Желіде Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленушілер қыста жалаңаяқ, жартылай жалаңаш жүгіріп жүрген видео тарады. Видеоға қатысты білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Балабақшаның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видеода мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологияларын қолданатыны атап өтілген.

“Сіздердің назарларыңызға шынықтыру тобын ұсынып отырмыз. Бізде тіпті әдіскер де қарда жалаңаяқ жүгіреді”, – делінген жазбада.

Жазбаның астындағы пікірлерде кейбіреулер балаларды шынықтырудың бұл әдісін дұрыс деп санаса, басқалары айыптаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Жүгіріп жүрген балалардың ата-аналары бұл туралы біледі. Шынымен балабақшадағы балаларды бұлай істеуге мәжбүрледі деп ойлайсыз ба? Кішкентай кезінен шынықтырған өте жақсы. Ең бастысы, зияны тимесе болды”,- деді желідегілер.

Бұл әдіске қарсы болып жатқандар да бар. “Сұмдық”, “Біреулер күледі, ал біреулер жылайды. Бір қатарда тұруға болмайды! Әр адамның иммунитеті әртүрлі. Дайындық керек”, – делінген кей пікірлерде.

Ведомство мәлімдемесінде бейнеролик түсірілген “Балдәурен” балабақшасының 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаны атап өтілген. Қазір мұнда 372 бала мектепке дейінгі білім алуда. Ал шынықтыру тобы 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

“Топтың 30 жыл ішінде тыныс алу жаттығулары, аяқты әртүрлі температурадағы сумен жуу, аяқ массажы, басқа даәдістерді қамтитын шынықтыру жүйесі әзірленген.

2020 жылға дейін шынықтыру сабақтары “Барлық ауруға күн, ауа және су ем” вариативті бағдарламасына енгізілсе, 2022 жылдан бастап бұл бағдарлама қосымша ақылы қызмет көрсету бағдарламасы болып табылады”, – деп хабарлады білім басқармасынан.

Ведомство мәліметі бойынша, балаларды шынықтыруға тіркеу ата-аналардың өтініші бойынша жүргізіледі, балабақшадағы шынықтыру рәсімдері жазда басталады.

Тег: Ақтөбе облысыбалабақшавидео

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөздер жүргізді

Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөздер жүргізді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz