Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ақтөбеде ер адам әйелін жұмыс орнына барып пышақпен шабуылдаған

Ақтөбеде ер адам әйелін жұмыс орнына барып пышақпен шабуылдаған

26.11.2023
Жаңалықтар
159
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ер адам банк бөлімшесінде кеңесші болып жұмыс істейтін әйеліне барып, кеудесі мен иығына пышақ сұққылаған. Оқиға Хромтаудағы банктердің бірінің бөлімшесінде орын алды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Диапазон” порталына сілтеме жасап.

Жанжал кезінде пышақтың жүзі сынып, әйелдің иығында қалып қойған. Соған қарамастан ер адам жұбайының денесі мен басынан соққылауын жалғастырған. Кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Жағдайдың бәрі жәбірленушінің әріптестерінің көз алдында болады. Болған істен кейін әйел ауруханаға жеткізілген.

Басында әйелін соққыға жығып, пышақпен шабуыл жасаған ер адамға “кісі өлтіруге оқталғаны үшін” деген айып тағылды. Жәбірленуші олардың баласы бар екенін, күйеуі алкогольді асыра пайдаланатынын, шөп шегетінін, оны және анасын өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Ол жұбайын кешірмейтінін, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Сотта айыпталушы әйелін өлтіргісі келмегенін жеткізді. Оның айтуынша, керісінше “отбасын сақтап қалғысы” келген. Сот процесі барысында прокурор істі “кісі өлтіруге оқталу” бабынан “пышақ пайдалану арқылы бұзақылық жасау” айыбына ауыстырды. Сот та “бұзақылық жасады” деген айып дұрыс деп санады. Өйткені сотталушы жұбайына қоғамдық жерде пышақпен шабуыл жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сот ер адамды “бұзақылық жасағаны үшін” алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім жарияланған кезде айыпталушы мен жәбірленуші ажырасып кеткен еді.

Тег: Қылмыскерсот

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Павлодарда екі жыл бойы туған қызын зорлаған күдіктіге іздеу салынды

Павлодарда екі жыл бойы туған қызын зорлаған күдіктіге іздеу салынды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz