Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ақылы жолдың дәретхана тазалықшылары қанша айлық алады?

фото: pixabay.com

Ақылы жолдың дәретхана тазалықшылары қанша айлық алады?

09.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
103
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бойындағы дәретхананың күтіп ұстаушылардың айлығын атады, деп хабарлайды kaskelen.kz.

«Біз ол қаражатты жолды күтіп ұстауға жұмсадық. Одан соң қосымша техника алуға жұмсалды. Жолды күтіп ұстаудың ішінде дәретханаларды күтіп ұстауға жаратқан жоқпыз. Жаңа да айттым. Жалпы республикалық жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Біздің былтыр тапқан ақшамыз — 30 млрд теңге. Тағы 50 млрд теңге жетпей отыр. Ол — тек жолдың өзін күтіп ұстау шығындары ғана», — деді министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, бізде суық дәретханалар соңғы жылдары салынды. 30-40 жыл бұрын салынғандары да бар. Бұрынғысы ескі жолдардың бойында болды.

Жалпы елде ескі тәсілмен салынған 761 салқын дәретхана бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Енді олардың баршасын жаңалау кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Осы күнге дейін ескілердің орнына 108 жаңа, жылы дәретхана қойылды. Биыл тағы 48 дәретхана орнатылады», — деді Марат Қарабаев.

Сонымен қатар, ол аталған дәретханаларды күтіп ұстаушыларға қанша айлық төленетінін айтты.

«Бір дәретхананы күтіп ұстауға сол жақтағы кісілерге 300 мың теңге төлеп отырмыз. Ол да жетпейді. Өйткені 24 сағат бойы екі адам кезекпен істейді. Бір адам басына 150 мың теңге деген сөз. Сол жақтағы жақындау ауылдардан адам тауып, соларға төлеп отырмыз», — деді министр.

Марат Қарабаев бұл адамдар «ҚазАвтоЖол»» қызметкерлері емес екенін, келісімшарт бойынша ғана жұмыс істейтінін айтты.

Тег: айлықдәретханатазалықшы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Биыл қандай ірі жолдар қолданысқа беріледі?

Биыл қандай ірі жолдар қолданысқа беріледі?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz