Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Әлемдегі ең ішкіш елдер рейтингінде Қазақстан нешінші орында?

фото: pixabay.com

Әлемдегі ең ішкіш елдер рейтингінде Қазақстан нешінші орында?

22.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

World Population Review ұйымы алкогольді ең көп тұтынатын елдердің рейтингін жариялады. Қазақстан бұл тізімде әлем бойынша 68-орынға жайғасты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Елімізде 15 жастан асқан тұрғындардың алкогольді тұтыну көлемі жан басына шаққанда жылына орта есеппен 6,38 литрді құрайды. Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда ер адамдар жылына орташа есеппен 10,3 литр, ал әйелдер — 2,76 литр алкогольдік ішімдік ішеді.

Аталған рейтингте ТМД елдері арасында Ресей көш бастап, әлем бойынша бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар, ең көп тұтынатын елдер қатарында Греция, Лесото, Мадагаскар және Джибути де бар. Ал ең төмен көрсеткіш Люксембург, Судан және Йеменде тіркелген.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

ТМД аясында Қазақстаннан жоғары орын алған елдер — Ресей мен Беларусь қана. Қалған мемлекеттерде алкогольді тұтыну деңгейі төмен:

  • Молдова — 4,79 литр,

  • Армения — 4,28 литр,

  • Әзірбайжан — 2,49 литр,

  • Өзбекстан — 2,1 литр,

  • Түрікменстан — 1,26 литр,

  • Қырғызстан — 0,72 литр.

2024 жылы қазақстандықтар алкогольдік өнімдерге жан басына шаққанда орта есеппен 7,4 мың теңге жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары.

Алкогольге ең көп шығындалған — Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Мұнда бір адамға шаққанда жылына 16,2 мың теңге жұмсалған, бұл көрсеткіш бір жылда 7,3%-ға артқан. Одан кейінгі орындарда Алматы (15,3 мың теңге), Қарағанды (13,9 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (13,7 мың теңге) және Павлодар (12,9 мың теңге) облыстары тұр.

Ең аз шығын Қызылорда (1,3 мың теңге), Түркістан (1,5 мың теңге) және Маңғыстау (1,6 мың теңге) облыстарында тіркелген.

Бағаға келсек, 2024 жылдың сәуір айында Қазақстанда алкогольдік ішімдіктердің бағасы бір ай ішінде 1,2%-ға, ал бір жыл ішінде 10%-ға өскен. Атап айтқанда, бір айда арақ 0,9%, сыра 1,2%, шарап 1,5%-ға қымбаттаған. Жылдық көрсеткіш бойынша, арақ — 5,5%, шарап — 10,9%, сыра — 13,9%-ға қымбаттаған. Алкоголь бағасының жылдық өсуі елдің барлық 20 өңірінде байқалған.

Тег: алкогольішкішҚазақстанрейтинг

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz