Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматы облысының Есік қаласында ауқымды өрт орын алды (видео)

фото: видеодан үзінді

Алматы облысының Есік қаласында ауқымды өрт орын алды (видео)

24.12.2023
Жаңалықтар
86
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысында жексенбіге қараған түні Есік қаласында қатты өрт болып, билбордтарды, павильондарды және сауда үйлерін шарпыған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мына сілтеме арқылы видеоны көре аласыз.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауы бойынша, 24 желтоқсан күні сағат 03:35-те кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданы, Есік елді мекенінде Фрунзе және Алматы көшелерінің қиылысында шатыр, билбордтар, сауда павильондары өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт орнына дереу ведомствоның күштері мен құралдары жіберілді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері сағат 03:40-та жеткенде сауда павильондары, дүкендер мен “Пассаж” сауда үйінің шатыры өртенді. Сонымен қатар оқиға орнына жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жіберілді”, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің үлкен аумаққа таралуына өрт туралы кеш хабарлау себеп болғанын қосты. Қабылданған шаралармен өрт 06:20-да оқшауланып, 07:40-та сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 1958 шаршы метрді құрады.

“Өрттің жақын маңдағы “Халифа” сауда үйіне, киім-кешек қоймасына және жиһаз дүкеніне таралуына тосқауыл қойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімінің бастығы мен өртке қарсы сынақ қоймасы жіберілді”, – деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 34 қызметкері мен 11 техникасы, жол-патрульдік қызметтен 6 қызметкер мен 3 техника, жедел медициналық жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz